ҚҰРҒАҚ СҮТҚЫШҚЫЛДЫ ӨНІМНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ

Авторы

  • Курмангалиева Д.Б. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Бектурганова А.А. «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ
  • Омаралиева А.М. «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ
  • Юсупова Г.Т. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Шадьярова Ж.К. «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті»

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.2(109).605

Ключевые слова:

құрт, биотехнология, құрғақ сүтқышқылды өнімі, функционалды сүтқышқылды өнімі, физика-химиялық көрсеткіштер, технология, процесті талдау.

Аннотация

Талдау көрсеткендей, құрттың кез-келген түрін дайындау үш негізгі технологиялық процесті қамтиды: сүтті ұйыту (қоюландыру), сарысуды сүзу және өнімді кептіру. Сүтқышқылды сүзбе массасының матрицалық массасын дайындаудың жалпы технологиясы зерттелді және ол құрттың барлық түрлері мен формаларын өндіру үшін қолданылады. Теориялық және эксперименттік зерттеулер негізінде құрт ұлттық сүтқышқылды өнім негізінде жаңа құрғақ сүтқышқылды өнімінің технологиясын жасау кезінде дәнді дақылдар мен кальций қоспаларын қолдану мүмкіндігі негізделген. Дайын өнімнің органолептикалық, физика-химиялық, микробиологиялық құрамы зерттелді. Емдік-профилактикалық қасиеттері және бифидогендік факторлары бар өсімдік тектес толтырғыштарды пайдалана отырып, теңдестірілген құрамдағы мамандандырылған өнімдер өндірісі әр түрлі топтарға арналған дайын өнімнің ассортиментін толықтырады және бұндай ұзақ мерзімге салталатын өнімді өндіру өзекті болып табылады.

Загрузки

Опубликован

2021-07-27