ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ЦЕНТРЛІК КҮШ ӨРІСІНДЕГІ ДЕНЕ ҚОЗҒАЛЫСЫН САНДЫҚ ӘДІСТЕРМЕН ЗЕРТТЕУ

Авторы

  • Мукушев Б.А С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.2(109).602

Ключевые слова:

екі дене туралы есеп, гравитациялық өріс, центрлік симметриялық күш, өлшемсіздендіру, дифференциалдық теңдеулер, сандық әдістер, Mathcad пакеті, Кеплер заңдары, секторлық жылдамдық.

Аннотация

Ғарыш денелерінің гравитациялық өрісін зерттеу аспан механикасы ғылымының негізгі міндеттерінің біріне жатады. Мақалада табиғаты гравитациялық болатын центрлік күш өрісінде қозғалатын аспан денелерінің қозғалыстары қарастырылады. Өзара тартылыстағы екі дененің қозғалысын сипаттайтын дифференциалдық теңдеулер қарастырылған. Осы теңдеулерге өлшемсіздендіру амалы қолданылған. MathCAD қолданбалы программалар пакеті көмегімен дифференциалдық теңдеулер сандық әдістер арқылы графиктік түрде шешілген. Кеплердің бірінші және екінші заңдарына қатысты сандық мәліметтер қолданбалы программа көмегімен алынған. Өзара гравитациялық тартылыстағы екі дененің бірінің массасы екіншісінен өте үлкен болған жағдайдағы екінші дененің эллипс түріндегі орбитасының эксцентриситеті есептелді және осыорбитаның жарты осьтерінің ұзындығы табылды. Табиғаты гравитациялық центрлік күш өрісінде қозғалған дененің траекториясы сол дененің радиус-векторы сызған ауданмен берілді.

Загрузки

Опубликован

2021-07-26