КІШІ АРАЛ ТЕҢІЗІ ЗООПЛАНКТОНЫҢ 2018-2019 ЖЖ. МАУСЫМДЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторы

  • Калымбетова М.Т., ғылыми қызметкер «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Арал филиалы НАО КАТУ им.С. Сейфуллина

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47100/herald.v1i3.65

Ключевые слова:

зоопланктон, түр құрамы, кездесу жиелігі, сан, биомасса, доминант, субдоминант, кәсіптік аудан, трофтылық

Аннотация

Кіші Арал теңізін 2018-2019 жж. ғылыми-зерттеу кезеңінде зоопланктон организмдерінің құрамынан омыртқасыздардың 38 түрі анықталды. Қосжақтаулы моллюска дернәсілдері теңіздің барлық аудандарында кездесті. 2019 жылғы зоопланктон түр құрамының 2018
жылғымен салыстырғанда кеңейгені анықталды. C. aquaedulcis шаянының қарқынды дамуы зоопланктонның жалпы сан және биомассасында ескекаяқты шаянтәрізділердің басты орын алуына себеп болды. Бұл топтың басымдылығы барлық кәсіптік аудандарда байқалды. Жалпы, зоопланктон қауымдастығының сандық көрсеткіштерінің орташа мәні өте төмен болды. Омыртқасыздардың орташа биомасса көрсеткіші өте төмен болуына сынамаларды жинау уақытындағы су температурасының төмен болуы, биотоп тереңдігі, жазғы маусымға тәуелді бұтақмұртты шаянтәрізділер санының төмендігі себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, жергілікті планктофаг - балық түрлері мен шабақтардың зоопланктонға, қорек объектісі ретінде, қысымының өсуі де, өз әсерін тигізуде.

Загрузки

Опубликован

2021-05-14