-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

магнитная гидродинамика, неоднородная жидкость, диффузионная модель, метод слабой аппроксимации, приближенное решение, оценка скорости сходимости, параметр расщепления.

Аннотация

Бұл жұмыста магниттік өрісті ескере отырып, бір текті емес сұйықтың диффузиялық моделін шешуге болатындығы зерттелген. Магниттік өрісте тұтқыр сығылмайтын біртекті емес сұйықтың ағысын сипаттайтын есептің белгілі қорытындылары келтірілген. Есептің шешілетіндігі О.А. Ладыженская және В.А. Солонниковтың еңбектерінде зерттелген, бұл қорытындылар Ш.С. Сахаевтың еңбектерінде, шешімнің тегістігін шекараға дейін сақтай отырып, әрі қарай жалпыланған. Біртекті емес сұйық жағдайында, алдыңғы есеппен салыстырғанда, сұйықтың тығыздығына байланысты тағы бір теңдеу қосылады. Осы есеп Ш.С. Смағұловтың әдісі бойынша жуықталып, осы есептің шешімінің берілген есептің шешіміне ыдырату параметрі нөлге ұмтылған жағдайда жинақталу жылдамдығы берілген.

Загрузки

Опубликован

2021-07-23