-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

Ветеринария, экспертиза, безопасность, мясо, колбасы, биогенные контаминанты

Аннотация

Мақалада биогенді ксенобиотиктермен (микроорганизмдер, антибиотиктер) контаминациялану кезінде ет пен ет өнімдерін
ветеринариялық-санитарлық сараптау нәтижелері келтірілген. Биогенді ксенобиотиктермен контаминацияланған еттің, тауық сан еттерінің және шұжық өнімдерінің органолептикалық және физикоалық-химиялық көрсеткіштері нормадан ауытқымағаны анықталынған. Сиыр, қой және тауық еттерінің микробиологиялық зерттеулері зерттелінген сынамалардың 50% және факультативті-анаэробты микроорганизмдер болатынын көрсеткен, десе де олар шектік жіберілетін концентрациялардан аспайтын болған. Ресей өндірушілерінен әкелінген бес тауық етіпартияларында ішек таяқшасы тобы
бактериялары және Украинадан әкелінген бір партияда сальмонелла тобы бактериялары анықталған. Шұжық өнімдеріне жасалынған микробиологиялық зерттеулер аталған микрофлоралар жоқ екендігін көрсетті. Антибиотиктерге зерттегенде олардың қалдық мөлшері сиыр еті, тауық сан еттерінде және аздаған мөлшерде шұжық өнімдерінен анықталған. Қой еті сынамаларында антибиотиктердің қалдық мөлшері анықталынған жоқ.

Загрузки

Опубликован

2021-07-15