ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-40 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АРНАЙЫ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕГІ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ключевые слова:
тарих, КСРО, КССР, арнайы қонысаударушылар, қуғын сүргін саясаты, депортация, жер аудару, Екінші Дүниежүзілік соғысы, Ұлы Отан соғысы, Қазақстан, тоталитарлық режимАннотация
Автор Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы «еңбек армиясына» арнайы қоныс аударушылардың қатысуын зерттей ртырып, ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы арнайы қоныс аударудың тарихи кезеңіне талдау жасайды. Мақалада үкіметтің соғыс, соғыстан кейінгі жылдары арнайы қонысаударушыларға, еңбек армисының қатысушыларына қатысты
саясаты, еңбек армиясы мен арнайы қонысаударушылардың құрамы, әлеуметтік жағдайы жан-жақты зерттелген. Олардың күнделікті өмірдегі еңбектерінің ерекшеліктері көрсетілген, олардың Қазақстанды индустрияландыруға және сонымен қатар фашизмді жеңуге қосқан үлестері анықталған. Қазіргі кездегі зерттеушілер үшін ең маңыздысы арнайы қоныс аударудың тарихи процессін жеке категрориялар және этаптар бойынша емес, Қазақстан үлгісі бойынша жаппай күштеп арнайы қоныс аударудың себептерін, мсақсаттарын, зардаптарын анықтау үшін жалпы мемлекеттік саясат шеңберінде жүргізілген арнайы қоныс аударуды кешенді зерттеу Зерттеу объектісі – ХХ ғасырдың 30-40 жж. Қазақстанға қуғын-сүргінге ұшыраған тұрғындардың аса үлкен бөлігін қоныс аудару тарихы арқылы арнайы қоныс аударуды саяси және экономикалық процесс ретінде анықтау. Баса көңіл аударуды қажет ететін қырларының бірі ХХ ғасырдың 30- 40 жж. кеңес мемлекетінің қоныс аудару саясатына тарихи баға берудің қажеттілігі, сонымен қатар халық шаруашылығына халықтың көпшілігін тартуда қолданылған төтенше әдістерді талдау болып табылады. Арнайы қонысаударушылардың еңбек іс әрекетінің сипатын, оларды әлеуметтік-тұрмыстық орналастыру және 1930-40 жж. арнайы поселоктардағы әлеуметтік-мәдени процестерді, мемлекеттік саясат шеңберіндегі және жергілікті жерлердегі арнайы қонысаударушылардың құқықтық жағдайын зерттеудің маңыздылығы кем емес.