АҒЗАДАН ТЫС IN VITRO ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЗЫ МЕН ЛАҚ БҮЙРЕГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АТАЛЫҚ БЕЗДЕРІ ЖАСУШАЛАРЫН ДАМЫЛСЫЗ ӨСУГЕ БЕЙІМДЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Ключевые слова:
алғашқы жасуша өсндісі, дамылсыз өсетін жасушалар, трипсиндеу, қайта себу, морфология, пролиферация, жабысу, пассаждау, бейімдеуАннотация
Нодулярлы дерматит вирусын өндіруге жарамды дамылсыз көбейгіш жасуша өсіндісін алу мақсатында жүргізілген зерттеулерде қозы мен лақ бүйрегі және осы төлдердің аталық бездерінің алғаш трипсинделген жасушалары қолданылды. Дамылсыз in vitro жағдайында өсуге бейімдеу үшін олар температурасы 37 оС жағдайда көп қайтара сеуіп өсіру әдістері
арқылы белгілі сан пассаждарынан өтті. Жасалынған пассаждау мен өсіру барысында жасуша жиынтықтарын бағалау нәтижелерінің арқасында аталық без жасулары фибробласттық морфологияға ие екені және олардың бүйрек жасушаларына қарағанда жабысу, көбею қабілеттері жоғары екені анықталды. Қозы мен лақ аталық бездері жасушаларының 14 және 16 пассаждан кейін көбею қабілеттері айтарлықтай төмендегені байқалды. Бірақ, қыштарлай пассаждаудың және клондау жұмыстарының арқасында пролиферативтік қабілеті жоғары екі клондық жасуша популяциясы бөлініп алынды. Алынған нәтижелер қайтара өсіру пассаждарының ықпалымен in vitro жағдайында өсуге бейімдеу арқылы қажетті дамылсыз өскіш жасуша өсіндісін алуға мүмкіндік береді.