ЖАЗДЫҚ БИДАЙМЕН ЖАЗДЫҚ ТРИТИКАЛЕ СОРТТАРЫ АРАСЫНДА АЛШАҚ ГИБРИДИЗАЦИЯ БАРЫСЫНДА ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЖАҢА ГИБРИДТІК ФОРМАЛАРЫН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ЭМБРИОКУЛЬТУРА ӘДІСІ
Ключевые слова:
бидай Triticum Aestivum, жаздық тритикале Triticale, аралық және түраралық гибридтер, будандастыру, эмбриокультура әдісі.Аннотация
Заманауи сұрыптауда өсімдіктердің тіндері мен жасушаларын пайдалану, өсірілетін өсімдіктердің жасушаларының штамдарынжәнеөзгертілген қасиеттері бар толыққанды регенерант өсімдіктерін алуға мүмкіндік береді.Бұл мақалада эмбриокультураәдісін қолданып, бидай (Пиротрикс 28, Целинная юбилейная, Карагандинская 22) мен жаздық тритикале (Россика, Кармен, Норман) гибридтерінің регенерант-өсімдіктерін алу нәтижелері көрсетілген. Зерттеулердің нәтижесінде, in vitro жағдайында өсіруге ерте жастағы гибридті жетілмеген дәндерінің ұрықтары (тозаңданудан 12-14 күн өткеннен кейін)
төмен жауап берумен сипатталды, ал кеш жастағы гибридті жетілмеген дәндерінің ұрықтары(тозаңданудан 18-22 және 22-24 күн өткеннен кейін) өсіру жағдайларына жоғары жауап береді. Регенерацияланған өсімдіктердің өнімділігі: Пиротрикс 28 (Tr. Aestivum) × Кармен (Triticale) (53,0 %), Карагандинская 22 (Tr. Aestivum) × Россика (Triticale) (51,0 %), Целинная юбилейная (Tr. Aestivum) × Норман (Triticale) (48,0 %).