«АЛАБОТА» ЖШС ЕТТІ ІРІ ҚАРА БАҒЫТТАҒЫ ТӨЛДЕРІН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Авторы

  • Бекқожин А.Ж. Кайыркенова Ж.Б.

Ключевые слова:

қазақ ақбас, асылдандыру, селекция, рацион, паратиптік фактор, тірі салмақ, бұқашық, будандастыру, зауыттық түр, индекс.

Аннотация

Әр елдің жaғдайына байланысты етті ірі қараның өсу қарқыны әр түрлі. Табиғи жайылымдары көп елдерде етті ірі қараны өсірудің бұрыннан қалыптасқан экстенсивті әдістерін қолданады. Бұл мақалада «Алабота» мал зауыты етті мал өсіруді дамытуда жоспарлы нәтижені ойлап тауып,төлдердің өсуі мен дамуы ұрпақ жалғастыруы, ғылыми-негіздегі мал будандастыру жұмыстарының нәтижелері келтірілген. Жоспарлы жұмыс малдың бағыты мен оны жоғары нәтижеде өсіру әдістерін анықтады. Көптеген зерттеушілердің айтуынша қазақтың ақбас тұқымы: Қазақстанның жaйылымдaрындa күтіп-бағу шарттарына өте жақсы бейімделуімен сипатта-лады. Бұзаулaрын емізіп өсіру әдісі, маусымдық төлдеу, малдарды жазда әбден күйіп кеткен жайылымдарда күтіп-бағу, ал қыста жеңіл қалқалардың астында өсіру бұл тұқымның малдарын өте төзімді, етті, сондай-ақ бұл тұқым малдары тірілей салмақтарын аз ғана уақытішінде жинай алатын-дығы белгілі. Қазақтың
ақбас сиыры тұқымының малы зауыттық аталық іздер мен туыстық топтарға және мол өнімді аналық ұяларға бөлініп асылдандыру жоспарына сай жетілдірілді. Осыған орай, қазақтың ақбас сиыры тұқымын жетілдіру мақсатында
өзінің нәсілдік қасиетін ұрпағына өзгертпей тарататын аса құнды ізбасшылары іріктеліп, аталық із және туыстық топ арқылы көбейту жолдары ұйымдасты-рылды.Қазақтың ақбас тұқымды сиырларының төлдегіштік көрсеткіштерін бақылағанда буаздылығының жалғасуы орта есеппен 281 күн аралығында ауытқиды, сервис кезеңі 76 күн құрайды. Төлдеу аралық кезеңі топтар арасында орташа 348 күн және максималды 349 күн.Мaлдың сыpт пiшiнiн зepттeудeн бaйқaғaнымыз, жaлпaқ, ұзын жәнe биiк мaлдapдың eт өнiмдiлiктepi дe жoғapы.Семірту жұмыстары кезінде 15 айлық будан бұқашықтарда тірілей салмағы - 429 кг, ал таза тұқымды бұқашықтарда бұл көрсеткіш 21 кг аз болған, айырма-шылығы сенімді болды.

Загрузки

Опубликован

2021-07-03