ТІКЕЛЕЙ ЕНГІЗІЛЕТІН АШЫТҚЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН СТАРТЕРЛІК КУЛЬТУРАЛАРДЫ БӨЛІП АЛУ
Ключевые слова:
сүтқышқылды бактериялар, Lactobacillus, Pediococcus, Enterococcus, Weissella, Saccharomyces, тікелей енгізілетін ашытқылар, сәйкестендіру, 16S rRNA.Аннотация
Зерттеудің объектісі ретінде әр түрлі ферменттелген сүт өнімдерінен бөлініп алынған 36 сүтқышқылды бактериялар болды.
Жұмыстың мақсаты тікелей енгізілетін ашытқыларды дайындауға пайдаланылатын сүтқышқылды бактерияларды бөліп алу және идентификациялау болып табылады. Барлығы 36 сүтқышқылды бактериялар бөлініп алынды, скрининг нәтижесі бойынша 19 белсенді изолят іріктелді. Сүтқышқылды бактерияларға фенотиптік және генетикалық идентификация
жүргізілді. 16S рРНК генінің арнайы бөлігін талдау арқылы бактериялық генотиптіліктің нәтижесінде іріктелген изоляттар Lactobacillus туыстығына, оның ішінде casei, paracasei, fermentum, curieae, oryzae түрлеріне; Pediococcus туыстығына, оның ішінде acidilactici, pentosaceus түрлеріне; Enterococcus туыстығына, faecium, lactis түрлеріне, Weissella туыстығына,
confusa түрлеріне жататындығы анықталды. ITS аймағының фрагменті негізінде генетикалық сәйкестендіру 2 культураны Saccharomyces cerevisiae және Saccharomyces lactis ретінде анықталғанын көрсетті.