«БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА КЛАРИИ ЖАЙЫНДАРЫНЫҢ УЫЛДЫРЫҚТАРЫН ИНКУБАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ЖЫНЫС ӨНІМДЕРІН АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Ключевые слова:
Африкалық кларии жайын, балық өндірушілер, тұйық жүйелі су қондырғысы, инкубация, Вейс аппараты, уылдырық, шәуеттерАннотация
Ғылыми жұмыста балық шаруашылығында кларии жайынының жыныс өнімдерін алу және инкубацилау сұрақтары қарастырылады. Технологиялық үрдістер С.Сейфуллина атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі «Балық шаруашылығы» ғылыми-зерттеу орталығы жағдайында тексерілді. Зерттеудің мақсаты – кларии жайынының өндірушілерінен жыныс өнімдерін алу және инкубациялау сұрақтарын зерттеу. Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер анықталды:
- кларии жайынының өндірушілерінен жыныс өнімдерін яғни уылдырық және шәуетті алу технологиясын жетілдіру;
- уылдырықты електерді қолданатын дәстүрлі инкубациялау әдісін жетілдіру. Ғылыми мақалада кларии жайынынан жыныс өнімдерін яғни уылдырық пен шәуетті алу, желімділігін кетіру, ұрықтандыру және инкубациялау сұрақтары қарастырылып, тұжырымдар жасалды. Зерттеу барысында Вейс аппараттарындағы дәстүрлі инкубациялау әдісі және електерге бекітілген күйде инкубациялау технологиялары қолданылды. Кларии жайынының өндірушілерін құрғақ және шикі гипофиз түрлерін қолданып стимулдау технологиясы жетілдірілді.