ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫҒЫН САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ УЛЬТРА ЕРТЕ ПІСЕТІН КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫН АШЫҚ ТОПЫРАҚТА ӨСІРУ ҮШІН ТОПЫРАҚТЫ КҮЗДЕ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР

Авторы

  • Б.Е. Калимбетов , А. Тухтакузиев , К. Баймаханов , Д. Карманов , Б.Б. Калымбетов

Ключевые слова:

көкөніс шаруашылығы, ультра ерте өнім, агротехнология,топырақ өңдеу,құрамдастырған агрегат, екі деңгейлі тыңайтқыш енгізу, дөңес жасау, сфералық дисктің параметрлері, орнату бұрышы, қозғалыс бағыты

Аннотация

Мақалада көкөніс дақылдарынан ашық алқапта жылына 3 рет өнім жинаудың ғылыми негізделген агротехнологиясын әзірлеу және де ерте көктемдегі көшет отырғызуға егістік алқабын дайындау үшін күзде орындалуы тиіс топырақ өңдеудің жаңа технологиясын әзірлеу және оны қолданысқа енгізу үшін қажетті машиналар кешені құрамына кіретін құрамдастырған агрегат әзірлеу бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері келтірілді. Көкөніс өндірісінде мол өнім жинау көп жағдайда топырақ өңдеу жұмыстарын өз уақытында және сапалы өткеруге байланысты, ал соңғы кезекте – өңдеу тәсілі мен машиналар конструкцияларының жетілдірілгендігінде де байланысты. Авторлар тарапынан әзірленген жаңа топырақ өңдеу технологиясы көмегімен ерте көктемде көкөніс көшеттерін ашық алқаптарға отырғызу жұмыстарын атқару үшін топырақты күзде дайындайтын құрамдастырған агрегат жұмыс барысында біржола бірнеше технологиялық операцияларды,
атап айтқанда қайырмалы және қайырмасыз жұмыс органдарының үйлестірілген жұмысы арқылы арнайы екі түрлі тереңдікте топырақ өңдеп, жер жыртумен бірге минералды тыңайтқышты жолақты тәсілмен екі түрлі тереңдікте келесі жылы ерте көктемде көкөніс көшеттері отырғызатын түзу сызық бойымен енгізіп, топырақ құнарлығын арттыруды қамтамасыз етеді. Мақалада құрамдас агрегаттың кейбір жұмыс органдарының сынақ кезінде байқалған жұмыс сапасын төмендетін ақаулықтарын түзету мақсатында агрегат тың қайырма тәріздес жұмысшы органын сфералық дискпен алмастыру тиімділігін теориялық есептеулер арқылы негіздеу есептеулері келтірілген. Топырақ өңдеу сапасы сфералық дисктердің белгіленген қозғалыс жылдамдығына және оның параметрлеріне байланыстылығы теориялық тұрғыдан дәлелденді. Оңтайлы жұмыс режимін және параметрлерін реттеу – сфералық дисктердің қозғалыс бағытына сәйкес оның шабуыл бұрышын дұрыс орнату арқылы орындау мүмкіндігі теория жүзінде негізделді.

Загрузки

Опубликован

2021-07-02