АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНДА ЕДІЛБАЙ ҚОЙЫ ТӨЛДЕРІНІҢ СОЙЫСТЫҚ ЖӘНЕ ЕТТІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ
Ключевые слова:
етті-майлы,ұша,етті,бұлшық ет,сіңір,сойыс шығымы,іш майы, құйрық, ет малы, жілік майы.Аннотация
Мақалада Атырау облысы шаруашылықтарында өсірілетінеділбай және еділбай тұқымдас қой тұқымдарыныңәр түрлі жас кезеңдеріндегі салыстырмалы түрде сойыстық көрсеткіштері,малдың еттілігі,төлдер ұшасыныңморфологиялық құрамының дамудеңгейіменондағы бұлшықет – сүйек қатынасы,сұрпы еттің химиялық құрамына зерттеу жасалып, нәтижесі
сипатталады. Тәжірибедегі сойылған қозылардың ұша салмағы мен сойыс салмағы көрсеткіштері олардың 4-4,5 айлық жас кезеңінің өзінде ересек қошқардың осындай сойыстық көрсеткіштерінің 1 /3-інен анағұрлым жоғары деңгейде болды. Бұл еділбай және еділбай типтесқой төлдерінің сүт ему кезеңіндегі өсу қуатының өте жоғары деңгейде екенін дәлелдейді.Сүт емген қозылардыңсою нәтижелеріэкстенсивті жайылым жағдайында қоңдылығы бірінші категориялы жеткілікті түрдегі ірі ұшалар алуға болатынын көрсетті. 4-4,5 айлық өсу қарқыны мен салмағы әр түрлі қозыларды сойғанда,салмақ өсімінің қарқыны күшейген сайын құйрық пен іш майдың салмағы мен шығымы артып, тиісінше 9 пайыздан 7,9 пайызға және 1,08 пайыздан 1,52 пайызға дейін жететіні анықталды. Тірілей салмақ өскен сайын қаңқа сүйектерінің үлес салмағы 20,7 пайыздан 18,0 пайызға дейін кеміді. Сонымен бірге ұшадағы азық түліктік құндылығы жөнінен өте бағалы сұрпы еттің үлесі жоғарлап,еттілік коэффициенті 3,9-дан 4,5 бірлікке дейін көтерілді.Сондай-ақ,еліміздегі таңдаулы етті-майлы бағыттағы құйрықтықой тұқымдарыныңжоғары деңгейдегі ет- май өнімділігі мен етею қасиеттері көрсетілген.