АЛМАНЫҢ СОРТТАРЫ МЕН КЛОНДЫ ТЕЛІТУШІЛЕРІНІҢ СУПЕРЭЛИТА КӨШЕТТЕРІН АЛУ
Ключевые слова:
Гермоплазмамен халықаралық алмасуда вирустық, бактериалды және микоплазмалық инфекциядан сауықтырылған асептикалық in vitro өсімдіктерді пайдалану карантиндік бақылаудан өту тәртібін жеңілдетеді.Аннотация
Мақалада алма сорттарын, клонды телітушілерін (Malus domestica Borkh.) және жабайы алма формаларын Malus sieversii (Ledeb.) M. Roem in vitro жағдайында тамырландыру және супер-элита класындағы көшеттерді алу бойынша нәтижелер келтірілген. Жасанды қоректік орталарда ұлпа дақылында өскіндерді жаппай алудың әдістемелері жасалды. In vitro
жағдайында тамырландыру үшін қоректік орталардың құрамы оңтайландырылды. ½ МС, 0,25 мг/л ИМҚ, 1,75 г/л джелрайт, 4 г/л агар, рН 5,7 қоректік ортасы тиімді болып табылады. Тамырланған in vitro өсімдіктер топырақ субстратына бейімделді.
Өсімдік материалы жақсы жерсінуі үшін өскіндерді алдын-ала ылғал, зарарсыздалған перлит топырақ субстратына енгізу қажет, ылғалды сақтау үшін контейнерлерді пластикалық қақпақтармен жабу керек. Топырақтың кебуіне қарай өсімдіктерді таңертең және кешке сумен бүрку қажет, сондайақ топыраққа көшіргеннен кейін әр 20-25 күн сайын Мурасиге-Скуг
минералды тұздарының ерітіндісімен үстеме қоректендіру керек. Топырақ субстраты ретінде «Дайын әмбебап топырақ», зарарсыздалған қара топырақ және дайын топырақ субстраты мен зарарсыздалған қара топырақтың 1/1 қоспасын пайдалануға болады. Жасалған әдістеме супер-элита класына жататын көшеттерді жыл мезгіліне тәуелсіз жыл бойы алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде формаларды қажетті белгілері бойынша тікелей in vitro жағдайында іріктеу есебінен сұрыптау процесі қысқарады. Гермоплазмамен халықаралық алмасуда вирустық, бактериалды және микоплазмалық инфекциядан
сауықтырылған асептикалық in vitro өсімдіктерді пайдалану карантиндік бақылаудан өту тәртібін жеңілдетеді.