ІРІ ҚАРА МАЛ КАМПИЛОБАКТЕРИОЗЫН БАЛАУҒА АРНАЛҒАН ЭКСПРЕСС-ТЕСТТІ ӘЗІРЛЕУ

Авторы

  • Боровиков С.Н., Жармышева М.Е.

Ключевые слова:

кампилобактериоз, ірі қара мал, антиденелер, антиген, балау, коллоидты алтын, конъюгат, иммунды хроматография, экспресс-тест

Аннотация

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерінде телімді антиденелер мен коллоидтық алтынды конъюгациялаудың оңтайлы әдістері анықталды. Детекциялау аумағын қалыптастыратын телімді антиденелерді енгізудің оңтайлы оңтайлы параметрлері анықталды: «тесттілеуаумағы» - 0,1 мг/мл, ал бақылау - 5 мкг/мл.Конъюгатты төсемге енгізудің оңтайлы концентрациясы
10 мкг/мл құрады. Тест сезімталдылығының деңгейі 15 нг құрады. Тесттің телімділігі анықталды және реагенттердің өзара әрекеттесуі тек қана C.fetus spp.venerealis антигенімен байланысатындығы айқындалды.Әзірленген тесттің ПТР және коммерциялық ИХТ тесттерімен салыстырмалды түрде зертханалық сынақтан өткізілді. Зерттеулер барысында зерттеулерге алынған сынамаладың ішінен осы ауру қоздырғышы анықталмады. Зертханалық сынақтар әзірленген тесттің тиімділігін дәлелдеді, яғни қосымша жабдықтарды пайдаланбай 15 минут ішінде қоздырғышты анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ірі қара малдың гениталды капилобактериозын балауға арналған иммунды хроматографиялық тест әзірленді, ол өз кезегінде ветеринария тәжірибесінде қолдануға ұсынылуы мүмкін.

Загрузки

Опубликован

2021-07-01