ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰЙРЫҚТЫ ҚЫЛШЫҚ ЖҮНДІ ҚОЙЛАРДЫҢ ЖАС ТӨЛДЕРІН ЖАЙЫП СЕМІРТУ

Авторы

  • К.М. Омарова., С.К. Шауенов Д.К. Ибраев, Г.К. Долдашева

Ключевые слова:

құрамажем, жайып семірту, азық,тірілей салмақ, қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы, сойыс салмағы, қой еті.

Аннотация

Мақалада Ақмола облысында қазақтың қылшық жүнді қой тұқымының еркек тоқтыларын жайып семірту барысында «Цесна» ЖШС-нің құрамажемін, дәнді-дақыл жемін қолданудың және жемсіз семіртілген еркек тоқтылардың ет
өнімділігін зерттеу келтірілген. Біздің зерттеуміздегі тірілей салмақ өзгергіштігі және қазақтың қылшық жүнді қой тұқымының еркек тоқтыларын жайып семіртудегі ет өнімділігі басқа да көрсеткіштері 60 күндік жайып семірту кезінде
алынған мәліметтер. Тәжірибе кезінде қой мал аналогтарының үш тобы бақылауға алынды: 1 тәжірибелік топ рационында құрама жем азығы, екінші тәжірибелік топта - астық қалдықтары, сондай-ақ жайып-семірту кезінде бақылау тобықосымша азықсызжайылды. I, II және бақылау топтары бойынша бақылау сойыс зерттеу нәтижелері, сойыс салмағы тиісінше -46,5 кг, 45,2 кг және 45,0 кг болды, ал союдан кейінгіұша салмақтары I топ - 20,75 кг, екінші топта - 18,7 кг, бақылау тобында - 18,0 кг құрады. Сойыс шығымы жағынан I -47,4 кг, ІІ топ - 43,6 кг және бақылау тобы 41,8 кг құрағанын көрсетті.Зерттеу нәтижесі рацион құрамына құрамажем қосылған еркек тоқтыларының ет өнімділігі жоғары болғандығы көрсетілген және бұл топтағы тоқтылардың ұшасы жоғары категорияға жатқызылған. Сондай-ақ тірілей салмақ өсімі,ұшы мен ет сапасының
тауарлықкөрсеткіштеріне талдауы жүргізілді, еркек тоқтылардың денесіндегі етінің өсуі, дамуы мен қалыптасуы жағынан да сапалы көрсеткіштер анықталды. Сонымен қатар, рацион құрамына құрамажем қосылғанда еркек тоқтылардың тәуліктік тірілей салмағы және рентабельділігі84,3% болғаны анықталған.

Загрузки

Опубликован

2021-07-01