ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІН САЛЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторы

  • Әлібекова Ә.Ш., Айдарбекова Ж.Қ.

Ключевые слова:

Фразеологизм, қазақ тілі, түрік тілі, салыстыру, теориялық негіздер, тұрақты сөз тіркестері, ұқсастықтар, ерекшеліктер, айырмашылықтар, зерттеу.

Аннотация

Мақалада түркі тілдері ішіндегі қазақ және түрік тілдерінің фразеологизмдері тілдік тұрғыдан салыстырылады, генеологиялық байланыс негізіндегі өзара айырмашылықтары анықталады. Олардың лексикасемантикалық ерекшеліктері айқындалып, теориялық негіздері сипатталады. Қазақ және түрік фразеологизмдерінің тілдік қорда қолданылу уақыты мен
аймағы көрсетіліп, түркі тілдес халықтар фразеологизмдері туралы ғылыми тұжырым айтылған алғашқы түркітанушы М.Қашқари еңбегінен бастап бүгінгі күнге дейін ғылыми тұжырымдар жасаған екі тілдің атақты фразеологтарының ғылыми пікірлері мысалға келтіріліп, салыстырылады. Қазақ және түрік тілдерінің сөздік қорындағы тұрақты сөз тіркестерінің
негізі айқындалып, олардың релеванттық қасиеті белгіленеді. Қазақ және түрік тілдерінің фразеологиялық бірліктері іштей сараланып бөлінеді, фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, фразеологиялық бірліктердің құрам-сипаты және компоненттердің байланыс тәсілдері,фразеологизмдердің стильдік еркешеліктері, фразеологизмдердің сөзден және мақал-мәтелдерден айырмашылығы мен ұқсас тұстары, фразеологизмдердің грамматикалық көрінісі, бірнеше фразеологизмдердің жасалуына арқау болатын ұйытқы сөздер мен фразеологиялық калька секілді көптеген мәселелер талқыланады. Фразеологияның лексикологиядан бөлініп, жеке, дербес пән ретінде қалыптасып, салыстырмалы-салғастырмалы принцип негізінде диахронды және синхронды зерттеу әдіс-тәсілдерін қолдануының маңыздылығы көрсетіледі. Халық мәдениетін зерттеп-тануға мүмкіндік беретін басты құрал тіл екенін ескерсек, лингвомәдениеттің басты көріністері мақал-мәтел, ертегі және өзге де фольклорлық бірліктерден, соның ішінде фразеологимздерден көрініс табуы сипатталады. Кез-келген тілдің фразеологизмі антропоцентристік көзқараспен сипатталып, ұлттық этномәденисемантикалық нақышқа ие екендігі тұжырымдалады. Зерттеу нәтижелері қазақ және түрік тіл білімінде салыстырмалы лексикология мен фразеология, түркітану, когнитивті лингвистика, лингвомәдениет және этнолингвистика салаларын дамытуға үлесін қосып, этнос тарихы, елтану, түркітану негіздері, қазақ және түрік тілдері лексикологиясы мен фразеологиясы секілді пәндер бойынша дәріс оқуға мүмкіндік береді

Загрузки

Опубликован

2021-05-30