-

Авторы

  • Кухар Е.В., Даугалиева С.Т., Даугалиева А.Т

Ключевые слова:

-

Аннотация

Мақалада сау құлынның мұрын қуысынан алынған шайындының NGSсеквендилеу нәтижесі келтірілген. Микробиом көптеген өмірлік ағза процестерді реттейді. Оның зерттеу белгілі органдардағы микроорганизмдердің өзара және жасушалармен ара қатнасу процестерді түсінуге маңызды. Дәстүрлі микробты популяциясы өсіру техникасы, физикалық-химиялық және биохимиялық тесттер арқылы зерттеледі. Осы әдістер көп уақыт алып, алдын-ала микроорганизмдерді анықтау үшін дәл емес. Жан-жақты жекелеген органдар микробиома құрамын зерттеу үшін жаңа молекулярлық-генетикалық әдістерді, атап айтқанда, NGS- келесі ұрпақ анализы (the Next Generation Sequencing) мүмкін берді. Жаңа технологиясының көмегімен MiSeq Illumina платформасында NGS-секвендеу ДНҚ тікелей шайып алып, қоректік орталарда өсірмей жасалған. Сараптаманың ішінде барлық бактериялардың генетикалық идентификациясы өткізілді. Генетикалық талдау көрсеткендей, құлынның мұрын қуысының микробиозы келесі түрлерден тұрады: Firmicutes (73,42%), Actinobacteria (8,36%), Proteobacteria (8,33%), Cyanobacteria (6,69%), Bacteroidetes (1,55%) және Fusobacteria (0,75%) тұрады. Қауымдастықта басымдылық түр болған
Lactobacillus equi (12,09%). Жануарлар мүшесі мен ұлпаларындағы микробты қауымдастықты зерттеу, олардың бір-бірімен өзара және макроорганизмдермен, қалыпты және патологиялық жағдайдағы әрекеттесуі мен механизмін түсінуге көмек береді. Бұл үрдістерді білу жануарлар ауруларын емдеуге және алдын алуға арналған препараттарды құру кезінде пайдалы болады.

Загрузки

Опубликован

2021-05-30