-
Ключевые слова:
-Аннотация
Зерттеуде негізгі гипотеза ретінде Қазақстанның Солтүстік өңірінде дәнді дақылдар өнімділігінің динамикасы авторегрессиалық қасиеттерге ие екендігі және астық өнімділігі бойынша болжау жасағанда сол қасиеттерді ескеру қажет деген ой алынған. Зерттеуде мәлімет ретінде 1970 - 2017 жылдар арасында Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалған дәнді дақылдар өнімділігі алынған, ал зерттеу әдістері болып корреляциялық және регрессиялық талдау әдістері қолданған. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында дәнді дақылдар өнімділігің динамикасы өте ұқсас стохастикалық қасиеттер көрсетеді. Екі жағдайда да оң сызықтық тренд және циклдік процесс анық көрінеді. Оның
үстіне, дәнді дақылдар өнімділігі дисперсиясының динамикасында циклдық процесстердің орын алуы өзіне назар аударуды талап етеді. Ауыл шаруашылығында болжау жасағанда аталмыш көрсеткіштің стохастикалық қасиеттерін ескеру қажет. Авторегрессиялық теңдеулер ауылшаруашылық болжамдардың дәлдігі мен негізділігін жақсарту үшін құрал ретінде қызмет
ете алады.