ОПЫТ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ПОЛУТОНКОРУННЫХ ОВЕЦ ЗАРУБЕЖНОЙ СЕЛЕКЦИИ
Ключевые слова:
-Аннотация
Мақалада 2015-2017 жылдары 249 «Мал шаруашылығын дамыту үшін және мал шаруашылығы өнiмiн өндіруге, қайта өңдеуге, өткізуге жағдай жасау» бюджеттік бағдарламасы аясында қазақтың етті-жүнді биязылау қой тұқымының саулықтарына шетел селекциясының қойларының тектік қорын пайдалану бойынша ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтижелері келтірілген. Атап айтқанда, қазақтың етті-жүнді биязылау қойларына жылдам жетілгіш және жоғары ет сапасымен ерекшеленетін дорсет және тексель биязылау жүнді қой тұқымдарының өндіруші қошқарлары пайдаланылған. Қазақтың етті-жүнді биязылау қойларының таза тұқымды және бірінші, екінші және үшінші буын ұрпақтарының будан еркек және ұрғашы тоқтыларының өсіпжетілу, ет, жүн өнімділігі және асылтұқымдық сапасы зерттелген. Қазақтың етті-жүнді биязылау таза тұқымды және будан қойларының тірілей салмақтары мен экстерьерлік көрсеткіштері салыстырылған топтар (таза тұқымды және будан) арасында туылған кезде, 4-4,5 айда және 12 айда айтарлықтай айырмашылық болмады, яғни мұндағы будан қозылардың (1/4Т×3/4ҚЕЖҚ, 1/4Д×3/4ҚЕЖҚ) Шу-Іле аласа таулары мен Мойынқұм шөлді және шөлейтті жергілікті ыстық климатты жағдайға жақсы бейімделгенін байқатады. Сойыс көрсеткіштері бойынша таза тұқымды және
будан еркек тоқтылардың арасында айырмашылық байқалмады. Еркек тоқтылардың тірілей салмағы 6 айда 38,53-40,56 кг аралығында, ал сойыс шығымы 54,23-55,96%. Ет пен сүйек салмақтарының қатынастары бойынша да айырмашылық анықталмады. Тазатұқымды еркек тоқтылар жалпы май көрсеткіші бойынша будан еркек тоқтыларға қарағанда 1,4-1,99% басым болды. Ет құнарлылығы жағынан ең жоғары көрсеткіш тазатұқымды тоқтыларда болды, яғни будан тоқтылардан 15,6-17,3% артық болды