ТҰРАҚТЫ КОЭФФИЦИЕНТТІ СЫЗЫҚТЫҚ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ШЕШІМДЕРІН ҚҰРУ

Авторы

  • Е. Ә. Ақжігітов Ә. Б. Аруова П. Б. Бейсебай М. Ш. Тілепиев

Ключевые слова:

дифференциалдық теңдеу,бір текті емес дифференциалдық теңдеу, сипаттамалық теңдеулер, дербес шешімі, жалпы шешім, белгісіз коэффициеттер әдісі, сызықты теңдеу, сызықты тәуелсіз шешімдер.

Аннотация

Қандай да бір процеске бағынатын табиғат заңы көп жағдайларда дифференциалдық теңдеулер түрінде беріледі, ал осы процестердің қозғалыс ағымдарының шешімін дифференциалдық теңдеулердің шешімі арқылы табылады. Екінші ретті тұрақты коэффициентті сызықты дифференциалдық теңдеулер қарапайым дифференциалдық теңдеулер теориясының зерттейтін ең маңызды нысандарының бірі болып табылады. Жұмыста екінші ретті тұрақты коэффициентті дифференциалдық теңдеулердің және олардың жүйелерінің шешімдерін дәстүрлік әдістемеден ерекшеленетін жолмен құру
ұсынылады. Олар дифференциалдық теңдеулер немесе теңдеулер жүйесіндегі сипаттамалық теңдеудің дискримианты теріс болған жағдайында қолданылатын дәстүрлік есептелулердегі комплекс сан ұғымының қолданбауымен ерекшелінеді. Ұсынылған әдістің мағынасы бойынша, біртекті теңдеулер жағдайында, екінші ретті сызықтық теңдеулердің сызықтық тәуелсіз дербес шешімдерін құруда бірінші ретті сызықтық теңдеулерді шешуде кездесетін Бернулли әдісінің көмегімен енгізілуінде, сондай-ақ алынған алгоритм біртекті теңдеулер жүйесінің шешімін құруда да қолданылады

Загрузки

Опубликован

2021-05-29