СТУДЕНТТІК ӨМІРДІ ӨЗІН-ӨЗІ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ҮДЕРІСІ ТҮСІНІГІНДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРДІ ЗЕРТТЕУ ( С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАТУ СТУДЕНТТЕРІ МЫСАЛЫНДА)
Ключевые слова:
өзіндік бірегейлену, бірегейлену, стратификация, бейімделу, жастар, тұлға, демография, мәдениет, қоғам, индивид.Аннотация
Қазіргі уақытта қазақстандық қоғам бірегейлену стратегияларының көптеген нұсқаларын және тұлғаның әлеуметтік өзіндік бірегейленуінің тәсілдерін ұсынатын алуан түрлі бірегейлену кеңістігін көрсетеді. Қазақстандық қоғам дамуының заманауи кезеңін сипаттайтын әлеуметтік-мәдени трансформациялар жағдайында тұлғаның әлеуметтік өзін-өзі анықтау қажеттілігі өзекті бола түсуде. Қазақстандық қоғам өміріндегі жаһандық өзгерістер қоғамның жаңа әлеуметтік-топтық бірегейленуінің
қалыптасуының бірден-бір тетіктерінің жасалуы, өзін қандай бір бірдеңеге жатқызудың қажеттілігінің артуы бірегейлену синдромына алып келді, осының арқасында әлеуметтік-топтық бірегейленудің жаңа тетіктерінің қалыптасуы ұлғайды, атап айтқанда, тұлғаның әлеуметтік бірегейлену үдерісі белсендендірілді. Осыған байланысты студент жастардың қалыптасып жатқан бірегейлену артықшылықтарын теориялық талдау айрықша қызығушылық тудырады. Біздің еліміздің халық құрамының ірі әлеуметтік-демографиялық тобы саналатын және әлеуметтік өзгерістердің басты агенті болып табылатын
жастардың маңызды инновациялық әлеуетін тұтас қоғамның игілігіне пайдалануға болады. Осы мақалада жастардың әлеуметтік-мәдени тұлғалық өзіндік бірегейлену мәселелері қарастырылады, сонымен қатар, тұтастай әлеуметтік
бірегейленуге қатысты мәселелерге зерттеу келтіріледі.