ДАЙЫНДАЛАТЫН СҮРЛЕМНІҢ САПАСЫНА ӘРТҮРЛІ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
Ключевые слова:
сүт қышқылды бактериялар, сүрлем, ашытқы,өсімдіктер биоконсерванттар, ауа райыныңжағдай, органикалық қышқылдар,микробиологиялық процесс,мал азығы өндірісі.Аннотация
Мақалада өсімдіктердің сүрленуіне, сүрлем дайындау кезінде және оның сақталануында спасына әсер етеін сыртқы және ішкі факторлары бойынша ғылыми әдебиеттерге шолу талдауға негізделген мәліметтер келтірілген. Биомассаның ылғалдығы, қанттың және құрғақ заттың мөлшері, өсімдектердің пісу фазасы, ылғалдығы т.б. факторлардың маңыздылығы
көрсетілген. Сұрлендіру микробиологиялық кұбылыс болған себептен осы жұмыста сапалы сүрлем дайындау кезінде әр түрлі микроағзалардың маңыздылығына көп көңіл аударылған. Сүрлем сапасының негізгі көрсеткіші оның құрамындағы органикалық қышқылдардың бар болуы болып саналады. Зерттеушілердің көбісі азық құрамында құрғақ заттың көп болуы
органикалық қышқылдардың соммасы төмендейді деп санайды. Балауса сүрлемде сүрленген сүрлемге қарағанда органикалық қышқыл азырақ болады. Сүрлем құрамында құрғақ зат көлемі жоғары болған жағдайда сүт қышқыл деңгейі құрғақ зат мөлшері аз сүрлемдегідей болады, немесе ептеп қысқарады. Осылайша сүрлемді массадағы құрғақ заттардың жоғарлауы азық сапасына оң әсер етеді, сондықтанда осы технологиялық қабылдау түрін азық шаруашылық өндірісінде кеңінен қолдану қажет. Мақалада ғылыми әдебиет нәтежиелері бойынша консерванттың сүрлену деңгейі және жағдайына сонымен қатар қолайсыз ауу райы жағдайында ауыстыру мүмкүндігі,биоконсерванттармен қоса сүрленген шикі заттың сүрлемделуіне байланысты сүрлемді материалға қосу қажеттілігі жөнінде қорытынды жасалған. Авторлардың мәліметі бойынша жеткілікті әдебиеттерде әсіресе солтүстік - батыс жағдайларында көп жылдық шөптер үшін биоконсерванттарды қолдану сұрақтары толық зерттелмеген.