СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНҒА ИНТРОДУКЦИЯЛАНҒАН ШЫРШАЛАРДЫҢ (PICEA DIETR.) НЕГІЗГІ ТАКСАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ӨЗГЕРГІШТІГІ

Авторы

  • Крекова Я.А Залесов С.В. Чеботько Н.К.

Ключевые слова:

шырша, интродуценттер, Солтүстік Қазақстан, биіктік, диаметр, желек, сақталу, түрленгіштік, өзгеру деңгей

Аннотация

Мақалада Шырша тұқымдасының (Picea Dietr.) 17 таксонының негізгі таксациялық және морфологиялық көрсеткіштері (ағаштардың биіктігі, діңнің 1,3 м биіктіктегі диаметрі, желекке дейінгі биіктік, желектің диаметрі және ұзақтығы) қарастырылған. Зерттелетін белгілердің ауытқу дәрежесі анықталды. Шыршалардың қарастырылып отырған таксондары интродукцияланды және ҚазОШАҒЗИ (Солтүстік Қазақстан) коллекциялық алқаағаштарында өсірілді. Ағаштардың жасы 36-дан 51 жылға дейін. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде тексеру кезінде өсімдіктердің сақталуы 6-дан 94,7% дейінді
құрайтындығы анықталды. Барлық зерттеліп жатқан таксондардың ішінде өсімнің мардымды нашарлауы Шренка шыршасында анықталды (биіктік - 1,9 м, 1,3 м биіктіктегі диаметр - 1,6 см). Ең жақсы таксациялық көрсеткіштер сібір
шыршасында анықталды (биіктік 19,1 м, 1,3 м биіктіктегі диаметр (26,3 см). Өзгерудің биіктік бойынша анықталған орташа деңгейі (CV – 12,7%) және 1,3 м биіктікте дің диаметрі бойынша жоғары деңгейі (CV – 25,6%) берілген түрдің Солтүстік Қазақстан жағдайында өсіру кезіндегі ырғақтылығын дәлелдейді. Зерттеліп жатқан таксондардың морфологиялық белгілерінің түрлену мінездемесі мен дәрежесі бойынша зерттеліп жатқан таксондардың диаметрі және желек ұзақтығы бойынша түрленудің жоғары (СV – 21-30%) және биік (СV – 31-40%) деңгейлерінің басымдылығы болды. Канада, сібір, сібірлік
пішіндегі көкшіл сұр, бұдыр және корей шыршаларында желектің жоғары түрлену белгілері бар. Берілген таксондардың желек ұзақтығының үлесі 52,2- ден 93,5% дейінді құрады. Желек диаметрінің анағұрлым біркелкі көрсеткіштері, орташа өзгергіштікпен мінездемеленетін, тікенек және тікенек ф. көгілдір шыршада айқындалды (CV – 12,2 және 17,4% сәйкес).

Загрузки

Опубликован

2021-05-28