ПРОБИОТИКТІҢ АКСЕЛЕРАТ ҚОЯН ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ СОЙЫС КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ЕТ САПАСЫНА ӘСЕРІ

Авторы

  • Бұршақбаева Л.М., Нұрғожаева Н.М.

Ключевые слова:

пробиотик, акселерат, ірі ақ қоян, советтік шиншилла, сойыс салмағы, сойыс шығымы, қоян шаруашылығы, рескью кит, ет өнімділігі.

Аннотация

Бұл мақалада құрамы B. subtilis и B. Licheniformis бактерияларының штаммдарынан тұратын пробиотикалық препаратты қолданып, қоян шаруашылығында зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде акселерат қояндардың өнімділік сапасын арттырудың жаңа жолдары анықталды. Акселерат қоян шаруашылығында экологиялық таза қоян етін өндіру маңызды
міндеттердің бірі болып табылады. Осыған орай, акселерат қоян тұқымдарын күтіп-бағумен қатар, азықтандырудың тиімді жолдары анықталып, ғылыми тұрғыдан негіздеме берілді. Тәжірибе жұмыстарының нысаны ретінде таза тұқымды ірі ақ қоян және советтік шиншилла тұқымдары, сонымен қатар акселерат қояндардың өнімділік сапасын арттыру мақсатында құрамы сүт қышқылды бактериялардан тұратын «Рескью кит» пробиотигі алынды. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында тәжірибелік және бақылау топтарындағы акселерат қоян тұқымдарының сойыс көрсеткіштері мен етінің химиялық құрамы мен пробиотикті қолданудың тиімді мөлшері (10 г/ 1 кг) анықталды.

Загрузки

Опубликован

2021-05-28