АСТАНА ҚАЛАСЫН ҚОРШАҒАН ЖАСЫЛ БЕЛДЕМНІҢ ФИТОПАТОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ

Авторы

  • С.А.Абиев, Р.З. Асилханова, Р.Н Зияханова, А.К. Баубекова

Ключевые слова:

жасыл желек, жасыл белдем, фитопатогенді организмдер, морфометрия, мониторинг, идентификация, орман отырғызылымдары, орман ағаштары, саңырауқұлақ организмдері.

Аннотация

Мақалада Жасыл белдемнің фитосанитарлық ахуалына баға берілген, ондағы ағаш-бұталарды зақымдайтын ауруларды және олардың түрлері анықталған. Жасыл белдемнің барлық 7 орман шаруашылығының жасыл отырғызылымдары фитопатологиялық тұрғыда тексерілді. Жасыл белдемнің жалпы жағдайы толық қанағаттанарлық. Абиоттық аурулар (топырақтық, термиялық, ылғалдылық жағдайларға байланысты) жасыл белдемнің батыс және солтүстік-батыс бөлігінде көбірек те, ал биотикалық сипаттағы аурулардың кездесуі, негізінен, белдем учаскелерінің ылғалдылық деңгейіне
және ондағы өсімдіктердің түрлеріне тікелей байланысты. Бұл аурулар белдемде бірен-саран өсімдікте кездескенмен, оларға мұқият мониторингтік бақылау жүргізу және мұндай ауруға шалдыққан өсімдіктерді өте қауіпті инфекция ошағы ретінде жойып отыру қажет.

Загрузки

Опубликован

2021-05-28