КАЧЕСТВО ПЧЕЛИНОГО МЕДА ПРОИЗВОДИМОГО В ЦЕНТРАЛЬНОМ И ВОСТОЧНОМ КАЗАХСТАНЕ

Авторы

  • Б.С. Майканов, Р.Х. Мустафина, Л.Т. Аутелеева, Е.А. Шершень

Ключевые слова:

бал, сапаны бағалау, азық-түлік қауіпсіздігі, аминоқышқылдар, макро микроэлементтер, витаминдер аминқышқылды жылдам, қауіпсіздік, мониторинг, аралар.

Аннотация

Мақалада Орталық және Шығыс Қазақстан өңірлері жағдайында өндірілетін балдың тағамдық құндылығын айқындай отырып, сапасын зерттеу жұмыстарының нәтижелері келтірілген. Мониторингтік зерттеулер нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасындағы негізгі бал өндірушілері анықталған. Бал өндірісіне қатысты алдыңғы қатарға Шығыс Қазақстан
облысы – 70,5% шықса, Қарағанды және Ақмола облыстарында салыстырмалы тұрғыдан алғанда бал аз өндіріледі де сәйкесінше – 4,5% және 0,3-0,02% құрайтыны көрсетілген. Аминқышқылдық құрамы бойынша толық құнды деп танылған түйежоңышқа балы болса, аз құндысы күнбағыс балы болып шыққан. Ал, В1 және В2 витаминдері бойынша қарақұмық және
күнбағыс балдары байырақ екендігі анықталды. Сонымен қатар, макро- және микроэлементтік құрамына қатысты жүргізілген зерттеулерде айтарлықтай өзгешеліктер аталмады, ботаникалық құрамы бойынша байытылғаны түйежоңышқа және күнбағыс балдары болып шықты. Балдың полинологиялық (ботаникалық) сипаттамасын анықтау барысында жалпы
сынама мөлшеріне шаққанда олардың 28% балдың қай түрге жататыны жөніндегі көрсеткіштері расталмады. Зерттеу нәтижелерін базарлардың ветеринариялық-санитариялықзертханаларында, тағам өнімдерінің сапасына бақылау жүргізетін тағамдық зертханаларда, сонымен қатар, ғылыми және білім беру мекемелерінде балдың және бал өнімдерінің сапасы мен
қауіпсіздігіне ветеринариялық-санитариялық баға беру кезінде қолданыла алатынын атаймыз.

Загрузки

Опубликован

2021-05-28