КЇЗДІК ТРИТИКАЛЕНІӘ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЇЛГІЛЕРІНІӘ АЗЫҚТЫҚ ҚЎНДЫЛЫЄЫ ЖҖНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Ключевые слова:
мал азықтарының қоректілігі, дән маңызы, ұн, протеин, нанның сапасы, жасыл масса, дән, тритикале, селекция.Аннотация
Белгілі талаптарға жауап беретін жаңа жемшөптік дақылдары ассортиментінің өрістеуі және оларды дәстүрлілермен қатар пайдалану мал азығы өндірісі мен олардың сапасын арттырудың маңызды резерві болып табылады. Осындай дақылдардың бірі күздік тритикале болып табылады. Біздің зерттеулеріміздің мақсаты күздік тритикале дәнінің жемшөптік құндылығын және технологиялық, ұнға тарту-нан пісіру сапаларын бағалау, және тритикаленің жоғары шаруашылықтық-құнды көрсеткіштерге ие сорттарын шығаруға арналған генетикалық көздерін анықтау болып табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері Орал өңірінің құрғақ дала жағдайларында өсірілген күздік тритикаленің зерттелген селекциялық үлгілері биохимиялық құрамы мен қоректік заттар мөлшері бойынша ерекшеленетінін көрсетті. Сорт үлгілері азық бағытындағы күздік тритикале селекциясы үшін бастапқы материал ретінде пайдалануға ұсыныла алады. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері барлық зерттелген сорт үлгілері сапалық белгілердің айқындылығы деңгейімен ерекшеленгендіктерін
көрсетті. Нан пісіруде пайдалану үшін тритикале мен бидай ұнының оңтайлы қатынасын анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді. Күздік тритикаленің сорт үлгілерін бағалағанда негізгі технологиялық көрсеткіштер бойынша ерекшеліктер анықталды. Тритикаленің зерттелген үлгілерінің нанының қоректілігі мен басқа құнды қасиеттерін сақтау және тұтынушылық құндылығын арттыру үшін тритикале мен бидай ұны қоспасын 30:70 қатынасында пайдаланған жөн. Ең жақсы нан пісіру қасиеттер 36/2 селекциялық сорттармағында байқалды. Өзін көрсеткен үлгілер шаруашылықтық-құнды қасиеттер кешеніне ие және нан пісіру өндірісінде пайдалануға арналған тритикаленің жаңа сорттарын шығаруда генетикалық көздер ретінде ұсыныла алады