ТЕРМИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ӨҢДЕЛГЕН ТЕМІРЖОЛ ДОҢҒАЛАҚТАРЫНЫҢ ОБОДЫНДАҒЫ ҚАЛДЫҚ КЕРНЕУЛЕР

Авторы

  • Қанаев А.Т ., Сарсембаева Т. Е.

Ключевые слова:

Плазмалық шынықтыру, қалдық кернеулер, рентген және механикалық әдістер, қалдық кернеулердің таралуы, тозуға төзімділік, шаршауға беріктік, доңғалақ жиегі, плазмалық ағын, байланыс беті, беріктендіру қабаты.

Аннотация

Сыртқы қабаты плазмалық шынықтыру арқылы беріктендірілген теміржол доңғалағының ободындағы ішкі қалдық кернеулердің таралуы зерттелді. Сыртқы қабаты плазмалық шынықтырылғанда қалдық кернеулердің таралуы доғаның қуатына, беріктендіру жылдамдығына және металдың бастапқы жәй күйіне байланысты болатыны көрсетілген. Ободтың тозуға төзімділік пен жарықшақтыққа қарсылығын арттыру, сонымен қатар, доңғалақ металының шаршау беріктігін көтеру үшін плазмалық шынықтырудың кестесін белгілеуде сыртқы және одан төмен қабатта қалдық кернеулердің жоғарғы
мәнін қамтамасыз ету үшін және құрылымның бастапқы шегінде қысу қалдық кернеулерінің созу қалдық кернеулерге ауысуына жағдай жасау керектігі атап өтілген. Қалдық кернеулердің таралуын рентгенографиялық әдіспен анықтау
нәтижесінде механикалық қирататын әдіспен зерттеу толықтай құптап дәлелдейтіндігі көрсетілген. Қалдық кернеулердің таралуын үлгі ұзындығының өзгеруіне байланысты бағалау доңғалақтың сыртқы қабатында сығу кернеулерінің пайда болуын, ал олардың төменгі қабаттарында созу кернеулеріне ауысатыны көрсетілген.

Загрузки

Опубликован

2021-06-25