СОҢҒЫ ЭЛЕМЕНТ МОДЕЛЬДЕУ ӘДІСІН ҚОЛДАНЫП ДОҢҒАЛАҚРЕЛЬС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУДІҢ ОҢТАЙЛЫ ПРОФИЛЬДЕРІН АНЫҚТАУ

Авторы

  • Алижан А., Ахметов Е.С.

Ключевые слова:

рельс-доңғалақ, тозу, ақау, кернеулі-деформацияланған жай-күй, локомотив, екі-нүктелі түйіспе, конформды түйіспе, микро-қиылу, металдың ағуы.

Аннотация

Бұл жұмыста қалыңдығы 23 мм құрайтын доңғалақ жұптары бар ТЭ33А сериялы локомотивтердің пайдалану тиімділігі мен қауіпсіздігі мәселелері қарастырылған. Жұмыстың тақырыбына байланысты орындалған жұмыстардың
нәтижесі: Анықталды:
- Доңғалақ жалының қалыңдығы 23 мм құрайтын ДМеТИ профилімен жонылған TE33A тепловозын қолдану қозғалыс қауіпсіздік талаптарына сай келмейді.
- ТЭ33А тепловозының қауіпсіз жұмысы үшін ДМеТИ профилі бойынша жонылған доңғалақ жалының рұқсат етілген қалыңдығы 24 мм құрайды.
- Доңғалақ пен рельс арасындағы оңтайлы және сол аймақта пайда болатын доңғалақ-рельс өзара қысымдар және сырғанау жылдамдығы жағынан ең тиімдісі ВНИКТИ профилімен жонылған конформды профилі болып анықталды.
Ұсынылады:
- доңғалақ пен рельс өзара түйісу ауданын конформды қылдырып жону, бұл өз кезегінде локомотивпен жолдың қисық және түзу аймақтарын динамикалық қозғалыс сапа көрсеткіштері бойынша тиімді болып табылады, және жөндеу арасындағы кезең артады.
- Доңғалақтарды кезекті жонудан кейін арбаларға қайта салу кезінде бақылауды қатайту ұсынылады. Бір локомотив негізінде доңғалақтардың қисаюы 4-тен 18 см-ге дейін, бұл рұқсат етілмейді. Бір арбашадағы доңғалақтарының айырмашылығын азайту. Рельстердегі алтыншы доңғалақ жұбынан жүктің нақты мәнінің техникалық сипаттамада көрсетілген мәннен ауытқуы 2% асады. Осылайша, осы көрсеткіш бойынша локомотив техникалық шарттардың талаптарына сәйкес келмейді.

Загрузки

Опубликован

2021-06-25