ЕЛІМІЗДІҢ ӘРТҮРЛІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ҚАРА МАЛДЫ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ БАЛАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ключевые слова:
қара мал, микобактерия түрі, спецификалық реакция, ажырату, талақ индексі, еніне егу, кірпіктің астына егу.Аннотация
Мақалада әр түрлі шаруашылықтағы қара малдың туберкулезден індеттік жағдайы мен туберкулин реакциясының тәнділігін жалған реакциядан ажырату үшін қосымша әдістемелерді қолдану жолы жазылған. Туберкулезден таза шаруашылықта мал теріішілік сынамаға оң әсерленсе 24 сағаттан кейін қайта тексеру қажет. Терінің қалыңдығы 5 мм жоғары, кірпіктің ісінуі 3 «+++» не 4 «++++» крест көлемінде ұлғайса оң деп бағалап, сойысқа жібереді. Туберкулинге әсерленген малды сойғанда 16 ұлпалар мен бездерінде туберкулезге тән өзгерістері жоқ малдан алынған биологиялық сынаманы қоректік ортаға еккенде, үш ай аралығында М.атипикалық және М.бұқа түрі аралас өседі. Осындай сынаманы теңіз шошқасына еккенде, анықтау мерзімі 2 есе кемиді, еніне еккенде 3,8 % туберкулезді анықтады, терінің астына енгізгенде «көк жөтел» анықталмады. Малдың көк тамырына коммерциялық туберкулинді егіп сынамалағанда, туберкулезді нұсқаудағы ерітілген туберкулинге қарағанда ауру мал 1,2 есе көп әсерленеді, ішкі ұлпалар мен бездерінен 1,8 есе артық туберкулез ошағы табылады.