ҚАЗАҚСТАН АУМАҚТАРЫНДАҒЫ ТАБИҒИ ОРМАНДАЛАСЫНЫҢ ЖЕУГЕ ЖАРАМДЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІ

Авторы

  • Айдарханова Г.С, Айдаркулова Р.С., Абилова Ш.Б. ,Эбель А.В., Сатеков Е.Я

Ключевые слова:

орман, экожүйелер, жеуге жарамды саңырауқұлақтар, табиғи екпелер, биоалуантүрлілік, мониторинг, биологиялық қор, эксплуатациялық қор, өніміділік

Аннотация

Егістік-экспедициялық зерттеу барысында Қазақстанның орманды дала аймақтарының табиғи екпелерінде жеуге жарамды саңырауқұлақтардың өнімділігіне баға берілді. Есептеу ауданы Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының орман екпелері өскен жерлерде салынды. Геоботаникалық, орман таксациясының, микологияның жалпы қабылданған
әдістерімен Қазақстаннның әртүрлі аймғындағы жеуге жарамды саңырауқұлақтардың өнімділігі, биологиялық алуантүрлілігі, орман экожүйесінің ерекшеліктері зерттелді. 11 эксперименттік (тәжірибелік) аудандар алынып, жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 13 түрі анықталды. Тағамдық мақсат үшін жергілікті тұрғындармен кеңінен дайындалатын
саңырауқұлақтардың биологиялық өнімділігі мен қолданылу (эксплуатациялық) қоры анықталды. Қазақстанның орманды алқаптарында жеуге жарамды саңыруқұлақтардың өнімділігі саңырауқұлақтар өсетін аудандардың географиялық орналасуына және теңіз деңгейінен биіктігіне, табиғи екпелердің құрамына, жауын шашын мөлшеріне, ауа райы жағдайына байланысты болатындығы байқалды. Саңырауқұлақтардың (биологиялық және шаруашылық) өнімі жекелеген жылдары 40-тан 90 кг/га дейін ауытқиды және өсу мерзімі бойынша екі аптаға дейін ерте немесе кеш мерзімге өзгере
алады.

Загрузки

Опубликован

2021-06-24