ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ГҮЛДЕНУГЕ ЖАУАП БЕРЕТІНТ ӨЗІМДІЛІК ГЕНІНЕ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ТАЛДАУ
Ключевые слова:
қант қызылшасы, гүлдену, ПТР - талдау, ДНҚ, 12 молекулалық маркер, праймер, ген, гибрид, аллель, электрофорезАннотация
Бұл мақалада Қазақ Егіншілік және Өсімдік шаруашылығы ҒылымиЗерттеу Институтының қант қызылшасы гибридтерінің коллекциясы мен үлгілеріндегі гүлдену мәселесі қарастырылған. Әлемдегі және Қазақстандағы қант қызылшасының гүлдену мәселесіне арналған ғылыми жұмыстарға талдау жасалынды. Осы зерттеулерді жүргізудің қажеттілігі нақтыланып анықталды. Гүлдену генінің бар немесе жоқ екендігін анықтайтын BR1 локусы үшін спецификалық болып табылатын CAU3903b маркерін қолдану арқылы үлгілерге жасалған талдау нәтижесі келтірілген. DeLaporta (жапырақтарынан
геномдық ДНҚ экстракциясы), ПТР – талдау әдістерінің көмегімен, амплифицирленген ДНҚ-фрагменті бар қант қызылшасының 32 үлгісінің 21-де, мөлшері 208 жұп нуклеотид болатын гүлденуге тұрақтылық гені бар екендігі
анықталды. Бұл үлгілер жаңа гибридтерді жасау уақытын қысқартып, селекцияның негізгі көзі ретінде анықталды.