Іле өзенінің бойындағы тоғай ормандарының жерасты суы деңгейін зерттеу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/eaj.2026.1(001).2131Ключевые слова:
hydrogeology; groundwater; seasonal dynamics; floodplain forest; soil salinity; Ili River.Аннотация
Алғышарттар мен мақсат. Зерттеу жұмысы Іле өзенінің бойындағы тоғай ормандары аумағындағы жерасты суы деңгейінің өзгерісін, оның маусымдық динамикасын және экожүйеге әсерін анықтауға бағытталған. Орта Азиядағы тоғай экожүйелерінің деградациясы негізінен өзен ағысын антропогендік реттеу мен климаттың өзгеруіне байланысты. Су тасқыны режимінің өзгеруі, топырақ тұздануының күшеюі және ағаш-бұта қауымдастықтарының табиғи жаңару мүмкіндігінің төмендеуі тоғайлардың деградациясына әкеліп, олардың экологиялық тұрақтылығына кері әсер етеді.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу барысында өзен аңғары маңындағы және орталық террасалық бөліктерде бақылау ұңғымалары орналастырылып, көктем, жаз және күз мезгілдерінде жерасты суының деңгейі өлшенді. Нәтижелерге сәйкес, өзен аңғары террасасында көктемде жерасты суының деңгейі 1,8 м болса, күзде 2,1 м дейін төмендеген, ал орталық террасаларда көктемде 3,1 м күзде 3,7 м дейін төмендеген. Аталған айырмашылықтардың жер бедері ерекшеліктеріне және өзен арнасымен гидравликалық байланыстың деңгейіне тәуелді екені анықталды.
Нәтижелер. Зерттеу жерасты суы деңгейінің маусымдық ауытқуларын топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерімен, жауын-шашын мөлшерімен, булану және транспирация арқылы өсімдік жамылғысының су тұтынуымен өзара байланыста қарастыруға мүмкіндік берді. Көктем мезгілінде қардың еруі мен көктемгі тасқындар сулы қабаттардың толығуына ықпал етеді, ал жаз айларында булану мен атмосфералық ылғал тапшылығы су деңгейінің төмендеуіне себеп болады. Бұл мәліметтер тоғай ормандарын қалпына келтіруде және деградацияланған жерлерде екпелердің тиімділігін анықтауда практикалық маңызға ие.
Қорытынды. Зерттеу нәтижелері Іле өзені бойындағы тоғай экожүйелерінің гидрогеологиялық жағдайларын, топырақ тұздануы мен жерасты су деңгейін ескере отырып, экологиялық тұрақтылықты сақтау және деградацияланған учаскелерді қалпына келтіру стратегияларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Жерасты суының режимін тиімді реттеу экожүйелердің табиғи динамикасын қалпына келтіруге, биоәртүрлілікті сақтауға және су ресурстарын ұтымды пайдалануға жағдай жасайды.