БАТЫСҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАЛ БРУЦЕЛЛЕЗІНІҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЭПИЗООТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Авторы

  • С.Г. Канатбаев,Е.У. Байтлесов, Р.А. Аманжол, А.Н. Жубантаева, А. Айткулова, Д.Б. Тогжанова,

Ключевые слова:

Іш тастау, бруцеллез, динамикасы, аурушаңдық, оң әсер берген жануарлар, эпизоотиялық статусы, эпизоотиялық тексеру, эпизоотологиялық картасы, залалдануы

Аннотация

Соңғы жылдардағы эпизоотиялық жағдайды зерттеу және талдау нәтижесінде БҚО аумағында ІҚМ мен ҰҚМ бруцеллезінің айтарлықтай, ал түйелер арасында спорадиялық таралуы анықталды.Жыл сайын анықталған бруцеллезбен ауыратын жануарлардың абсолюттік саны бойынша орта есеппен 5 жыл ішінде бірінші орында ІҚМ мен ҰҚМ болды, бұл БҚО-да
бруцеллездің эпизоотологиясында жануарлардың осы түрлерінің басты рөлін көрсетеді. Түйелердің бруцеллезі ірі қара малдың бруцеллезі кең таралған аудандарда жиі кездеседі. Адамдар бруцеллез ауруымен сырқаттанушылығының аумақтық
бөлінуін және ұсақ қара малдың залалдануын талдау оң корреляцияға ие, бұл осы жануардың адамдарға жұқтырудағы рөлін растайды. Бұл деректер облыстың ветеринариялық және медициналық қызметін ойландырып, бруцеллезге қарсы нақты іс-шараларды ұйымдастыруға арналған белгі болуы тиіс. Бруцеллез бойынша эпизоотиялық статусын анықтау үшін ІҚМ мен
ҰҚМ-дың ауру дәрежесі бойынша аудан аумағын саралау жүргізілді, бруцеллез бойынша облысты аймақтаудың эпизоотологиялық картасы жасалды, ол бруцеллезге қарсы іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу кезінде облыстың ветеринариялық қызметіне пайдалы болуы мүмкін.

Загрузки

Опубликован

2021-06-23