Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының таза қанды және будан төлдердің жүн қасиеттерінің салыстырмалы ерекшеліктері

Авторы

  • Асылбекова Э.Б. ТОО «Казахский научно-исследовательский институт животноводства и кормопроизводства»
  • Кенжебаев Т.Е. ТОО «Казахский научно-исследовательский институт животноводства и кормопроизводства»
  • Есенбаев А.А. ТОО «Казахский научно-исследовательский институт животноводства и кормопроизводства»
  • Ахатова З.А. ТОО «Казахский научно-исследовательский институт животноводства и кормопроизводства»
  • Сембаева А.И. ТОО «Казахский научно-исследовательский институт животноводства и кормопроизводства»
  • Исагулов Н.Е. ТОО «Казахский научно-исследовательский институт животноводства и кормопроизводства»

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.3(127).2030

Аннотация

Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойларының таза тұқымды тоқтыларының және ¾-қанды дорпер мен австралиялық ақ қой қошқарларын жергілікті етті-майлы бағыттағы қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының саулықтарына қолдану арқылы алынған будан тоқтылардың жүнінің физика-механикалық қасиеттеріне зерттеу жүргізілді.

«Разахун» және «Медхан» шаруашылықтардағы қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының еркек тоқтыларының жүнінің орташа жіңішкелігі 30,3±0,03 және 29,8±0,03 микрометрге сәйкес келді. Осы шаруашылықтардағы қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының ұрғашы тоқтыларының жүнінің орташа жіңішкелігі сәйкесінше 35,2±0,02; 29,8±0,01 микрометр болды. Жайлылық фактор көрсеткіші бойынша қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының еркек тоқтыларының жүніндегі жіңішке талшықтардың үлесі 60,0% - 60,7% болып, жуан талшықтар 40,0% - 39,3% сәйкестенді. Ұрғашы тоқтылар тобы бойынша жіңішке талшықтардың мөлшері 44,8% - 58,2% құрады.

Ал, ¾-қанды австралиялық ақ қой қошқарларын етті-майлы бағыттағы қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының саулықтарына қолдану арқылы алынған будан тоқтылардың орташа жүн жіңішкелігі 24,6±0,04 микрометрге сәйкес келді. Жайлылық фактор көрсеткіші бойынша «австралиялық ақ x қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы» будандарының жүніндегі жіңішке талшықтардың үлесі 84,5% болып, жуан талшықтар үлесі 15,5%-ға сәйкестенді.

Дорпер қошқарлары мен қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының саулықтарынан алынған будан еркек тоқтылар мен ұрғашы тоқтылардың жүнінің жіңішкелігі 21,5±0,02 және 20,5±0,03 мкм сәйкес келді. Жайлылық фактор бойынша жіңішке талшықтардың пайызы 94,7% және 97,5% құрады. Жуан талшықтардың үлесі небәрі 5,3 және 2,5% құрады.

Ұзындығы жағынан ең қысқа жүн (25,0 мм) «дорпер x қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы» будандарының жүнінен табылып, орташа жүн ұзындығы 37,1 және 36,0 миллиметрге сәйкестенді. Айтарлықтай қысқа жүн ұзындығы австралиялық ақ және қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы будандарының жүнінде де анықталды - 47,0 мм. Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының жас тоқтыларының жүннің ұзындығы 64,2 - 70,7 миллиметр аралығында болды.

Опубликован

2025-09-30