ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДАҒЫ ҰСАҚ ЖАПЫРАҚТЫ ШЕГІРШІННІҢ ӨСУ ЖЕРІНЕ ЖӘНЕ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨМІРШЕҢДІК КӨРСЕТКІШТЕРІ

Авторы

  • B. D.Maisupova, M.O. Baitasov , A.D.Utebekova, D.A.Dosmanbetov, A.E. Аdilbek

Ключевые слова:

жерсінуі, өміршеңдігі, орман жолақтары, жолақ аралық кеңістіктер, қорғаныш екпелері, қуаңшылық жағдайлар, агроорманмелиорациясы, жасы, ұсақ жапырақты шегіршін, өскен жері

Аннотация

Қазақстанның оңтүстік-шығысында, ауыл тұрғындарының саны шамамен 1,3 млн. адамды құрайды, тығыз жолдар желісі бар және 3,0 млн. гектардан астам жыл сайын жаңбырлатып егілетін, эрозия қаупі жоғары егістік жерлер бар, орманмелиоративтік ландшафттардың қалыптасуы жерді экологиялық, экономикалық және әлеуметтік көзқарастар тұрғысынан оңтайлы пайдалануды ұсынады, сондықтан осы аумақты ұйымдастырудың ең болашағы айқын бағыт болып саналады. Қорғаныш орман алқаағаштары қоршаған ортаға көпфункционалды әсер ету нысаны бола отырып, өзін-өзі
реттеудің жоғары деңгейімен тұрақты және түбегейлі жаңа орман ландшафттарын қалыптастырады. Аумақтағы қорғаныш алқаағаштарының өсу үрдісі, дамуы және ыдырауы олардың бастапқы мақсаттарына қарамастан бірдей режимде жүреді. Төзімділік жағынан кейбір айырмашылықтар тек жол бойындағы орман жолақтарынан байқалады, бұл мүмкін, жол жиегінен
аққан жауын-шашынның, яғни ылғалдың көптігіне байланысты. Өсімдіктің өсуі үшін өте қатаң жағдайдағы қарастырылып отырған аймақта 10-ға жуық ағаш пен бұта түрлері ұзақ сынақтарға ұшырады. Олардың ішінде ең жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгені ұсақ жапырақты шегіршін. Бұл түр үшін ағаштардың максимлды сақталуы (80-90%) және өсуі (0,85-1,1 м) тіршілігінің алғашқы жылдарында да, кейінгі кезеңінде де жақсы нәтиже берді. Сондай-ақ, олардың тамыр жүйесі тереңдікке де, жан-жағына да таралатыны, осылайша сумен қамтамасыз ету үшін көбірек орындарды алатындығы анықталды. Алқаағаштарды агротехникалық және орман шаруашылық күту жұмыстары, бұл орман жолақтарының төзімділігіне
тікелей әсер ететін тиімді шаралар. Ұсақ жапырақты шегіршіннің орман жолақтарын өсіру үшін топырақты екі жылдық қара пар бойынша жүргізу керек, бұл кезде топырақтың ең жоғары ылғалдылық көрсеткіштері (18-21 мм) жетеді, ал топырақ 170-190 см тереңдікке дейін суланады.

Загрузки

Опубликован

2021-06-22