МАЙЛЫ ЗЫҒЫРДЫҢ ӨНГІШТІГІ МЕН ӨСКІННІҢ ДАМУЫН ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ТҰЗҒА ТӨЗІМДІ МИКРОАҒЗАЛАРДЫ ІРІКТЕУ

Авторы

  • Гулжанат Максутбекова Тилеубаевна

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.3(127).1966

Аннотация

Түйін

Алғышарттар мен мақсат. Дүние жүзіндегі суармалы жерлердің шамамен 11%-ын тұзданған алқаптар құрайды. Мұндай жерлердің көлемін экологиялық тәсілдер арқылы арттыру — топырақ құнарлылығын сақтай отырып ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін тұрақты деңгейде ұстап тұру жолдарын іздеуді маңызды мәселеге айналдыруда. Соңғы жылдары пайдалы микроағзаларды пайдалану осы саладағы зерттеулердің болашағы зор бағыттарының біріне айналды. Өсімдіктердің өсуіне ықпал ететін саңырауқұлақтар мен бактериялар сияқты пайдалы микроағзаларды қолдану топырақтың тұздануы жағдайында өсу мен дамуға оң әсер етуі мүмкін, сондай-ақ азотты бекіту процестерін оңтайландыру, өсімдік гормондарын өндіру, түйнектер қалыптастыру, қоректік заттарды тұтыну және өсімдіктерді патогендерден қорғау арқылы топырақ құнарлылығының көрсеткіштерін жақсартуға септігін тигізеді. Осыған байланысты пайдалы микроағзаларды іздеу, олардың оң нәтижелерін тексеру сияқты зерттеу бағыттарының топырақтың агрономиялық құнды құрылымын, әртүрлі микроағзалар арасындағы өзара әрекеттесуді зерттеуде, олардан препараттар жасауда, сондай-ақ осы пайдалы микроағзалардың топырақта белсенді жұмыс істеуін қамтамасыз етуде болашағы зор. Микроағзалардың әртүрлі топтары үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы топырақтың құнарлылығын арттыру процестерін оңтайландыруға және оның қасиеттерін жақсартуға болады. Бұл ауылшаруашылық дақылдарын өсіруде маңызды шаралардың бірі болып табылады [1].

Жұмыстың мақсаты Солтүстік Қазақстанның тұзды топырақтары микрофлорасынан бөліп алынған штамдардың дәнді дақылдардың тұқымдарының өнгіштігіне әсерін бағалау болып табылады.

Нысандар мен әдістер. Жұмыс барысында 2024 жылы Солтүстік Қазақстанның тұзға төзімді өсімдіктерінің ризосферасынан бөліп алынған микроағза штамдары «БИО-KATU» ЖШС-нің микроағзалар биотехнологиясы зертханасында зерттелді. Зерттеу барысында бұл микроағзалардың «Кустанайский янтарь» майлы зығыр сұрыпы тұқымдарының өсуін белсендіру қабілеті бағаланды. Бұл мақсатта тұқымдар 24 сағат бойы микроағзалардың 10⁶ жасуша/мл титрі культуральды сүзінділерімен, ал бақылау үшін алынған тұқымдар дистилденген сумен өңделді. Одан кейін тұқымдар бөлме температурасында қалдырылып, 7 тәуліктен соң өскіндердің санын есептеу арқылы тұқымдардың өнгіштігі анықталды. Тұқымның өнгіштігі мен өсу қарқындылығы формула бойынша есептелді.

Нәтижелер. Зерттеу нәтижесінде өсімдіктердің өсуін ынталандыру қасиеттеріне ие микроағзалардың культуралары биопрепарат жасауға қолдану мақсатында іріктеліп алынды.

Кілт сөздер: микроағза, тұзға төзімділік, сұрып, штамм, майлы зығыр, топырақ.

Опубликован

2025-09-30