ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ҚҰРЫЛЫМЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ: МІНДЕТ ҚОЮ ЖӘНЕ ШЕШУ
Ключевые слова:
өсімдік шаруашылығы, жоспарлау, тұрлаусыздық , математикалық модель, оңтайландыру, егістік құрылымы, кірістің кепілді мөлшері, экономикалық тәуекел, түрлендірме коэффициентіАннотация
Жоспарлаудың практикалық міндеттерінің шешімін табу тек өндірісті және нарықтық процестердің стохастикалық қасиеттерін есепке алуды ғана емес, кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерін қанағаттандыру қажеттіліктерін де қарастырады. Аталған жағдайлар байесов әдістемесінің ұстанымдарын пайдалануды және міндеттің сәйкес моделін қалыптастыруды объективті түрде қажет етеді. Құрылымын оңтайландыру және егістікті үйлестіру бойынша шешім қабылдау тек белгіленген тәуекел мөлшеріне ғана емес, өндірістік-нарықтық жағдайлар тұрғысында кәсіпорынның ағымдағы шығындарын қаржыландыру және оның кредиторлар алдындағы қаржылық міндеттемелерін қанағаттандыру үшін қажетті минималды кіріс деңгейі бойынша белгіленетін деңгейге тәуелді болады деген қорытынды жасалған. Бұл жағдайда Қазақстанның солтүстік өңірінің далалы аймағының «кәдімгі қара топырақ» кіші зоналары жағдайында арпа, зығыр, рапс және бұршақ арасында кәсіпкер үшін қолайлы тәуекел мөлшеріне тәуелді бәсекелестік орын алады. Тәуекел мәні неғұрлым жоғары болса, егістік құрылымындағы рапстың үлесі де артады. Және керісінше, маржиналды кіріс ауытқуы деңгейі
неғұрлым жоғары болса, егістік құрылымында арпа және зығыр басым болады. Қарақұмық және бұршақ барлық жағдайда салыстырмалы тиімсіз дақылдар болып табылады