ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАҒАЗ ҚАПТАМАНЫҢ ЖАҒДАЙЫЖӘНЕ СТАНДАРТТАЛҒАН ӘДІСТЕРМЕН ҚАПТАМАНЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ
Ключевые слова:
қағаз қаптама, Қазақстан Республикасы, талаптар, Кеден одағы, техникалық регламент, қаптаманың қауіпсіздігі, стандартталған әдістер, шикізат, сабан, қағаз қалдықтары.Аннотация
Бұл жұмыста Қазақстан Республикасындағы қаптаманың қазіргі жағдайы мен қаптама рөлі және оған қойылатын талаптар туралы жазылған. Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР) 005/2011 енгізуімен өнімнің бір елден екінші елге өтуі кезінде қаптама өндірісінде елеулі өзгерістер болғаны туралы мәліметтер бар. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасы
салаларының дамуы отандық қағаз нарығының дамуына оң әсер еткендігі және бүгінгі күні қаптама материалдары нарығы жаңа материалдардың, технологиялар мен шешімдердің түрлі ұсыныстарымен толықтырылып жатқандығы көрсетілген. Қазақстанда «Қаптама азық-түлікті үнемдейді» бағытында зерттеулер жүргізу және азық-түлікке арналған қаптама
материалдарының сапасын жақсарту мақсатында арнайы міндеттерді орындау қажет. Қаптаманың ең танымал түрі қағазды ауыл шаруашылық қалдықтарынан жасау туралы ең тиімді шешім ұсынылған, себебі, қағаз өндіруге арналған шығындар едәуір төмендеуі мүмкін