Кәдімгі шырғанақ тұқымынан зарарсыз өскіндерді in vitro жағдайында алу

Авторы

  • Туменбаева А.Р. Ұлттық биотехнология орталығы
  • Вдовина Т.А. Алтай ботаникалық бағы
  • Тагиманова Д.С. Ұлттық биотехнология орталығы
  • Райзер О.Б. Ұлттық биотехнология орталығы
  • Магзумова С.М. Ұлттық биотехнология орталығы
  • Хапилина О.Н. Ұлттық биотехнология орталығы

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.1(124).1877

Ключевые слова:

шырғанақ; Hippophae rhamnoides; in vitro; фитогормон; зарарсыздандыру; қоректік орта.

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Кәдімгі шырғанақ (Hippophae rhamnoides) қосүйлі жапырақты бұта. Оның жапырақтары мен жидектеріндегі биологиялық қосылыстардың көптігіне байланысты бұл өсімдік қазіргі уақытта адамдар мен жануарлардың денсаулығын сақтауда қолданылатын өсімдік ретінде танымал. Жұмыстың мақсаты шырғанақ эксплантарын in vitro жағдайына енгізу, зарарсыздандыру режимдері мен қоректік орта құрамын таңдау болып табылады. Зерттеу материалы ретінде шырғанақтың тұқымдары пайдаланылды.

Материалдар мен әдістер. Зарарсыздандыру үшін әртүрлі антисептиктер қолданылды: этанол, сынап (ІІ) хлориді, сутегінің асқын тотығы және натрий гипохлориді. Зарарсыздандыру уақыты әр антисептик үшін эксперименталды түрде таңдалып алынды. Зарарсыз өскіндерді өсіру үшін әртүрлі өсу реттегіштері қолданылды. Фенолды қосылыстардың бөлінуін тежеу үшін антиоксидант ретінде белсендірілген көмір қолданылды.

Нәтижелер. Зарарсыз және өміршең экспланттарының ең жоғарғы пайызы (83,3%) 0,1% сынап (ІІ) хлориді ерітіндісімен зарарсыздандыру нұсқасында алынды. Өсу деңгейі сорттардың түріне және қоректік орта құрамына байланысты болды. Ш-9-81(4-5) сортының максималды өскін ұзындығы (4,0 см) құрамында 1,0 мг/л BAР, 5,0 мг/л IAA және 2 г/л белсендірілген көмір қосылған ортада болатыны анықталды.

Қорытынды. Hippophae rhamnoides өскіндердің пролиферациясы үшін ең тиімді орта ретінде құрамына 1,0 мг/л BAP, 5,0 IAA және 2,0 г/л белсендірілген көмір қосылған орта екені анықталды, ең жоғарғы нәтиже Ш-9 81(4-5) сортында байқалды, максималды өскін ұзындығы 4,0 см құрады.

Опубликован

2025-03-31