Табиғи қосылыстар негізіндегі иммуномодуляторлық қасиетке ие жаңа кешенді жемшөп қоспасы

Авторы

  • Демченко Г.А. Генетика және физиология институты
  • Макашев Е.К. Генетика және физиология институты
  • Абдрешов С.Н. Институт генетики и физиологии
  • Қойбасова Л.У. Генетика және физиология институты
  • Кожаниязова У.Н. Генетика және физиология институты
  • Ешмуханбет А.Н. Генетика және физиология институты
  • Есенова М.А. Генетика және физиология институты
  • Макашев Е.Е. Генетика және физиология институты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.1(124).1861

Ключевые слова:

жемшөп қоспасы; иммуномодуляциялық әсер; лимфа; қан; ас қорыту жүйесі.

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Жануарлардың табиғи төзімділігін арттыратын табиғи жемшөп қоспалар экологиялық таза ет және сүт өнімдерін алуға мүмкіндік береді. Бұл зерттеудің мақсаты - жаңа кешенді жемшөп қоспасының физиологиялық және биохимиялық тиімділігін бағалау және оны тәжірибеде анықтау болып табылады.

Материалдар мен әдістер. Зерттеулер Sprague Dawley линиясының ақ зертханалық егеуқұйрықтарында жүргізілді, олар 3 топқа - бақылау тобына және жемшөп қоспаларды қабылдаған 2 эксперименталды тобына бөлінді. Салыстыру мақсатында бұрын қолданылған жемшөп қоспамыз пайдаланылды. Жаңа қоспаның құрамына - бентонит, KI (калий йодид), хлорелла және селен қосылған – бұлардың барлығы біздің жаңа технологиямыз бойынша дайындалған. Зерттеу жұмысы  21 күн бойы жүргізілді. Зерттеу барысында қан мен лимфа айналымы, қан мен лимфаның жасушалық және биохимиялық құрамы, гуморальды, жасушалық иммунитет және қанның тотығу белсенділігі зерттелді.

Нәтижелер. Жемшөп қоспамен азықтандыру рациондағы ақуызды арттырды. Жаңа кешенді жемшөп қоспаны қолдану жүрек-қан тамыр және лимфа жүйелерінің қызметіне, ағзадағы ақуыз, көмірсу және май алмасуына оң әсер етті, бұлшықет массасының ұлғаюымен энергия шығынының өсуін арттырды және жануардың салмағының өсуіне ықпал етті. Жемшөп қоспасын қабылдау ферменттік белсенділіктің физиологиялық жоғарылауына және қандағы ақуыздың, глюкозаның және липидтердің құрамының көтерілуіне әкелді. Жаңа жемшөп қоспасы - жақсы ылғалдандырады, адсорбциялайды, қорғаныш және антиоксиданттық әсерге ие, ағзадағы уытты құбылыстарды азайтады, бос радикалдарды инактивациялауға қатысады, жасуша мембраналарын қорғайды. Жемшөп қоспасы физиологиялық тұрғыдан қан мен лимфадағы лейкоциттер, лимфоциттер және иммуноглобулиндердің көрсеткіштерін едәуір жоғарылатты.

Қорытынды. Жаңа жемшөп қоспасы жоғары калориялы, антиоксиданттық және адаптогендік әсерге ие, биохимиялық және тотығу процестерінің тепе-теңдігін сақтайды. Біздің бұрынғы жемшөп қоспамен салыстырғанда тиімділігі жоғары болды. Жаңа қоспаның иммуномодуляциялық – гуморальды және жасушалық иммунитет қасиеттеріне қарап ауыл шаруашылық жануарларының күнделікті рационына қауіпсіз және тиімді қоспалар ретінде ұсынуға болады.

Загрузки

Опубликован

2025-03-31