ПЕРИОДТЫ ЭЛЕКТРЛІК СИГНАЛДАРДЫ MATHCAD ҚОЛДАНБАЛЫ ПАКЕТІ КӨМЕГІМЕН ЗЕРТТЕУ

Авторы

  • Мукушев Б.А

Ключевые слова:

Фурье қатары, сандық әдістер, Mathcad пакеті, Дирихле шарты, периодты электрлік сигналдар, гармоникалық тербелістер, жұп және тақ функциялар, кернеу графиктері, қатар коэффициенттері.

Аннотация

Мақалада периодты функцияларды Фурье қатарына жіктеу жоғары математика тұрғысынан жан-жақты қарастырылған. Дирихле шарты бойынша функция белгілі бір аралықтарда максимум және минимум шамаларға ие болу қасиеті қолданылған. Егер периодты сигналды сипаттайтын функция жұп болса, онда қатар косинусоидалды құраушыдан ал – тақ болса, синусоидалды құраушыдан тұратыны қарастырылған. Мақалада электрлік сигналдарды зерттеуге қажетті сандық әдістердің нәтижелері баяндалған. Сандық әдістерді қолдану Mathcad пакеті көмегімен іске асқан. Жұп және тақ функцияларды Фурье қатарына жіктеу әдістерінің ерекшеліктері ашылған. Периодты электр сигналдарының гармониялық
анализінің нәтижелері графиктік, сандық және аналитикалық түрде берілген. Периодты функциялар түрінде берілген электрлік сигналдарды Фурье қатарына жіктеген кездегі алынған мүшелердің қосындысын есептеуге арналған әдіс қарастырылған.

Загрузки

Опубликован

2021-06-22