CVS-11» ҚҰТЫРЫҚ ВИРУСЫНЫҢ ШТАММЫН ӨСІРУДІҢ ОҢТАЙЛЫ ПАРАМЕТРЛЕРІ

Авторы

  • А.А. Абдуалиева, Н.Н. Ахметсадықов, К. Д.Кулманбетов , Т.А.Иманбекова

Ключевые слова:

CVS-11, ВНК-21, жасуша өсіндісі, моноқабат, вирус, құтырық, пассаж, суспензия, титр, антидене, антиген.

Аннотация

Ауыл шаруашылығында отандық өнім ретінде өсінділік вакцинаны өндірудің технологиялық проблемаларын (штамм таңдау, жасуша өсіндісіне бейімдеу, өсірудің əдістері, биопрепараттардың қауіпсіздігін) нақты шешуді қажет ететін ветеринария биотехнологиясында өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Мақалада құтырық вирусының CVS-11 штаммын өсірудің оңтайлы параметрлері анықталды. BHK-21 (с-13)жасуша өсіндісін стационарлық әдіспен өсіру нәтижелері келтірілген. Зертханалық құрылғылардағы жасушаларды күрделі өсірудің оңтайлы параметрлері нақтыланды. CVS-11 штаммын өсіруді BHK-21 дамылсыз өсетін жасуша өсіндісіне бейімдеу процесінің масштабты аспектілері зерттелді.
Зерттеудің мақсаттары: BHK-21 дамылсыз өсетін жасуша өсіндісінде құтырық вирусының CVS-11 штаммын өсірудің жағдайларын оңтайландыру бойынша зерттеу жүргізе отырып, болашақта құтырыққа қарсы вакцина алудың эксперименттік үлгілерін жасау технологиясының иммунобиологиялық қасиеттерін жақсарту.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- дамылсыз өсетін BHK-21 жасуша өсіндісін өндіру технологиясын жасау;
- құтырық вирусының CVS-11 штаммын өсіру әдісін ұсыну;
- құтырыққа қарсы вакцинаны алуға қолайлы құтырық вирусының
өсіндісінің әдісін көрсету;
- әртүрлі температурада BHK-21 дамылсыз өсетін жасуша өсіндісінде
құтырық вирусын көбейту.

Загрузки

Опубликован

2021-05-19