Влияние ростостимулирующих препаратов на органы проростков льна масличного

Авторы

  • Тезекбаева А.Е. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Шестакова Н.А. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Hakl J. Чешский университет естественных наук в Праге

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.1(124).1820

Аннотация

Түйін

Негізі және мақсаты. Тұқымның тыныштық күйінен өніп шығуға көшуі оның метаболикалық жағдайына байланысты, яғни бұл кезде ынталандырушы фактор әсер етіп, тұқым сол әсерге жауап бере алады. Тұқымның сыртқы әсерге реакциясы ең алдымен өскін мүшелерінен байқалады. Онтогенездің алғашқы кезеңдерінде өскін мүшелерінің белсенділігін және даму қуатын талдай отырып, қолданылған өсу стимуляторының тиімділігін бағалауға болады. Қазіргі уақытта майлы зығырдың өсуі мен дамуын реттеуде өсу стимуляторларының рөлін түсіну бойынша шектеулі зерттеулер жүргізілуде, бұл дақылдың генетикалық әлеуетін толық ашу үшін маңызды. Сондықтан өсімдік организміне әсер ету әдістерін іздеу және өнімділікті арттыру мақсатында стимуляторларды іріктеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу майлы зығырдың (Linum usitatissimum L.) тұқымдарына өсу стимуляторларының өскін мүшелеріне әсерін зерттеу мақсатында жүргізілді. Тұқымдар Петри табақшаларында сүзгі қағаздың үстіне салынды және өсу стимуляторларымен өңделді: Мегамикс тұқым (2 л/т), Экобиосфера (0,75 л/т), Микориза (7,5 г/т), Альбит (60 мл/т), Лигногумат (100 г/т). Бақылау ретінде дистилденген сумен өңделген тұқымдар пайдаланылды.

Нәтиже. Майлы зығыр тұқымдарының сапалық көрсеткіштерінің барлық өңдеу нұсқаларында бақылаумен салыстырғанда жақсарғаны байқалды. Экобиосфера және Мегамикс тұқым препараттарымен өңделген тұқымдардың біркелкі өнуі артып, сәйкесінше күніне 14,2 және 12,3 тұқымды құрады, бұл бақылау нұсқасынан 3,9–2,3 тұқымға артық. Бақылау тобында өну энергиясы өсу стимуляторларымен өңделген үлгілерден 6-7%-ға төмен болды, ал зертханалық өну қабілеті 5-6%-ға жоғары болды. Өскін мен тамырлардың орташа ұзындығының салыстырмалы бағасы Мегамикс тұқым және Экобиосфера препараттарымен өңделген зығыр тұқымдарының өскіндері мен тамырларының ең үлкен ұзындыққа жеткенін көрсетті. Өскіндердің ұзындығы 6,5–7,2 см болып, бақылаудан 1,2–1,9 см ұзын болды, ал тамыр ұзындығы 7,0–8,0 см-ге жетіп, бақылау нұсқасынан 0,9–1,9 см ұзын болды. Өсу стимуляторларымен өңделген тұқымдардағы метаболикалық процестердің белсенділігі артқан, бұл негізгі өну кезеңдерінің ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік берген.

Қорытынды. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, өсу стимуляторларын қолдану тұқымның ісіну дәрежесін, өну жылдамдығын, тамыр жүйесі мен өскіннің ұзындығын айтарлықтай жақсартатыны туралы қорытынды жасауға болады. Оларды қолдану өну жылдамдығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар майлы зығырдың сапалық көрсеткіштерін тиімді жақсартып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Опубликован

2025-03-27