Article
ҚОҢЫР КӨМІР МЕН ОДАН БӨЛІНІП АЛЫНҒАН ГУМИН ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.1(124).1819Аннотация
Бұл зерттеудің ғылыми жаңалығы Күмісқұдық және Кузнецк кен орындарының қоңыр көмірінен алынған гумин қышқылдарының қасиеттерін салыстырмалы талдауында болып табылады. Инфрақызыл спектроскопия, элементтік талдау және термогравиметриялық талдау сияқты заманауи әдістерді қолдану арқылы екі түрлі кен орындарының гумин қышқылдарын кешенді зерттеу жүргізілді. Бұл олардың химиялық құрамы, функционалдық топтары, термиялық тұрақтылығы және реактивтілігі бойынша айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Салыстырмалы талдау әрбір кен орнының көмір түзілу геологиялық жағдайларымен байланысты гумин қышқылдарының бірегей ерекшеліктерін көрсетті. Зерттеу барысында карбоксил және гидроксил топтарының санындағы айырмашылықтар анықталды, бұл олардың сорбциялық және комплекс түзу қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Бұл кен орындары үшін мұндай айырмашылықтар бұрын егжей-тегжейлі зерттелмеген. Сонымен қатар, зерттеу екі кен орнының гумин қышқылдарының экологияда, агрохимияда және ағынды суларды тазартуда қолдану мүмкіндігі жоғары екенін көрсетті, бірақ олардың тиімділігі кен орны мен функционалдық топтардың құрамына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бұл нәтижелер гумин қышқылдары негізіндегі технологияларды дамытудың жаңа перспективаларын ашады және геологиялық факторлардың олардың химиялық құрылымы мен қасиеттеріне әсерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.