Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржылық қолдаудың тәсілдері

Авторы

  • Утибаева Г.Б. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Утибаев Б.С. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Жунусова Р.М. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Ахметова Д.Б. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.1(124).1818

Ключевые слова:

қаржылық қолдау; несиелеу; субсидиялау; несиелік серіктестіктер; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер; шаруашылықтың тиімділігі.

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржылық қолдау мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Сонымен бірге субсидиялау және несиелеу мәселелері агроөнеркәсіп кешенінің іс-әрекеттеріне айтарлықтай ықпалын тигізеді. Бірақта, соңғы жылдары ауыл шарушылығы кәсіпорындарын тікелей субсидиялау көп жағдайларда оң нәтиже бермей отыр. Сол себептен бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тікелей арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу аса маңызды міндет ретінде қарастырылып отыр. Зерттеудің мақсаты несиелеу және субсидиялау қызметтерін көрсететін несиелік серіктестердің (бұдан әрі НС), несие алушылардың, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметін бағалау тұрғысынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қаржылық қолдауды пайдалану тиімділігін зерттеу болып табылады.

Материалдар мен әдістер. Объектілердің жағдайы мен тиімділігін зерделеуде ауыл шаруашылығы құрылымының өндірістік-қаржылық қызметіне, несиелендіретін НС-ке салыстырмалы бағалау әдісі, экономикалық-статистикалық, абстрактілі-логикалық және алынған нәтижелерді талдау және жалпылау әдістері қолданылды.

Нәтижелер. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің республикалық бюджеттен бөлінген несиелер мен субсидияларды пайдалану тиімділігін талдау нәтижесі, жалпы алғанда, олардың қажеттілігін көрсетті. Алайда, ұзақ мерзімді несиелердің елеусіз үлесін көрсететін негізгі капиталға салынған инвестицияның төмен үлесі байқалады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қаржылық қолдаудың бір түрі, яғни субсидияларды пайдалану тиімділігі төмен деңгейде қалып отыр, өйткені оны алушылар жұмысының прогрессивті нәтижелерін көрсете бермейді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы субъектілеріне субсидия берудегі объективтілік пен ашықтық мәселелері де шешімін таппай отыр. Субсидиялар көбінесе біркелкі бөлінбейді, бұл қаржы ресурстарының ірі ауыл шаруашылық қожалықтарына шоғырлануына әкеліп соғады, ал шағын шаруашылықтар шетте қалады. Бұл теңсіздікті күшейтіп, шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

Қорытынды. Реттеу тетіктер мен құралдар ретінде бюджеттік субсидиялар және жеңілдетілген несиелер тауар өндірушілерге шаруашылықты тиімді басқаруға бағыттауы және оларға қатаң сараланған түрде берілуі керек. Аграрлық секторды қаржылық қолдау механизмі ауылшаруашылық кәсіпорындарының өзін-өзі қаржыландыру қағидаттары бойынша жұмыс істейтінін және оларды қолдаудың нақты шаралары бизнестің қалыпты экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралардан басқа ештеңе емес екенін ескеруі тиіс.

Загрузки

Опубликован

2025-03-31