CALLIGONUM LEUCOCLADUM B. ЭТАНОЛЬДІ ЭКСТРАКТІСІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АНТИМИКРОБТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

Авторы

  • Г.Т. Есжанова., И.Т. Джакупов, Д.Т. Рахимжанова, Г.П. Дюльгер, Г.К. Искакова

Ключевые слова:

Өсімдік шикізаты, жүзгін, дәрілік форма, экстракт, биологиялық белсенді заттар, микрофлора, антимикробты әсер, элементтік анализ, химиялық заттар.

Аннотация

Оңтүстік Қазақстанның аридті аймағында өсетін ақ қабықты (Calligonum leucocladum) жүзгін өсімдігінің биологиялық белсенділігі мен микробқа қарсы белсенділігі зерттелінді. Жүзгіннің қою сығындысының дәрілік түрі құрамынан түрлі-түсті сапалық реакциялар көмегімен флавоноидтар, илеуіш заттар, алкалоидтар, кумариндер анықталды. Фитопрепараттың бактерияға қарсы белсенділігі сезімталдығын сериялық сұйылту әдісі арқылы Staphylococcus aureus, E.coli қатысты белсенділігі бар екендігі дәлелденді. Қоректік ортадан эндо E.coli, Staphylococcus aureus бактерияларына тұзды агарды, Candida albicans саңырауқұлағын Сабур ортасында анықтадық. Calligonum leucocladum B. этанолды экстрактісінің
антимикробтық қасиеттерінің белсенділігін анықтауда оны жоғары дәрежеде еріткенде зерттелген микрофлораға қарсы әсері күштілеу екендігі байқалды. Calligonum leucоcladum элементтік құрамы зерттелді. Calligonum leucocladum өсімдігінде 32 химиялық элементтердің бар екендігі анықталды.

Загрузки

Опубликован

2021-05-19