«Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында киіктер (Saiga tatarica) популяциясына қасқырлардың (Canis lupus) тигізетін әсері

Авторы

  • Буршакбаева Л. М. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Нургожаева Н. М. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Нарбаев С. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Асылбекова А. С. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Баринова Г. К. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Ахметжанова Н. А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.4(123).1797

Ключевые слова:

киік; қасқыр; популяция; мониторинг.

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Киіктер (Saiga tatarica) – Орталық Азия далаларында мекендейтін ерекше жануар. Жыртқыш аңдардың киіктер популяциясына әсері айтарлықтай күрделі. Зерттеудің негізгі мақсаты «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында киіктер популяциясына жыртқыш аңдардың тигізетін әсерін анықтау болып табылады.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмыстары «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында 2022 2023 жылдар аралығында жүргізілді. Зерттеулер киіктер популяциясына жыртқыш аңдардың тигізетін әсерін анықтауға бағытталған. Зерттеу жұмысымызда спутниктік бақылау, радио таңбалау және фототұзақтар орнату сияқты әдістер пайдаланылды.
Нәтижелер. Қасқырлардың киік популяциясына әсері жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады. Қыста азық тапшылығы мен қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты киіктер әлсіреп, жыртқыштарға оңай олжа болатындығы анықталды. 2024 жылғы қысқы санақ бойынша «Алтын дала» резерватындағы киіктер саны 59 657 басты құраса, 2024 жылғы көктемгі санақ бойынша бұл көрсеткіш 55 117 басты құрады. Киіктерді қасқырлардан қорғау мақсатында резерват териториясында бақылау, мекен ету ортасын сақтау, жыртқыштар санын реттеу және олардан қорғау сияқты іс-шаралар жүргізіледі.
Қорытынды. Қасқырлардың киіктерге аңшылық жасауы – киіктер популяциясының азаюына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Қасқырлардың санын реттеу, олардың тіршілік ету ортасын қорғау және киіктерге аңшылық жасауға шектеу қою – киіктер популяциясын сақтаудың маңызды шарттары. Қасқырлардың киіктер популяциясына әсері туралы зерттеулер көрсеткендей, олардың табиғи тепе-теңдікті сақтауға үлкен рөлі бар.

Загрузки

Опубликован

2024-12-30