СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАЛАЛЫ АЙМАҒЫНДА ЖАҢА МАЛ АЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛ ПАЙЗАНЫ МАЛ АЗЫҒЫНА ЖӘНЕ ТҰҚЫМҒА ӨСІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Ключевые слова:
тиімділік, пайза, Еchinochloa frumentacea, пішен, астық, себу мерзімі, себу мөлшері, суару, таза пайда, рентабелділікАннотация
Табиғи ылғалдану жағдайында жаңа мал азықтық дақыл пайза үш зерттеу жылдарында (2016-2018 жж.) орта есеппен себу мерзімдері және тұқымның себу мөлшерлеріне байланысты гектарына 18,4-тен 29,4 т-ға дейін жасыл балауса, 5,4-тен 7,5 т-ға дейін пішен, 1,5-тен 2,4 т-ға дейін астық өнімін қалыптастырса, суармалы жағдайда гектарына 44,2 т-ға дейін жасыл балауса, 11,7 т-ға дейін пішен және 4,3 т-ға дейін астық өнімі қалыптастырды, ал дәстүрлі мал азықтық дақыл судан шөбі тиісінше 15,2-ден 18,7 т-ға, 4,0-ден 4,7 т-ға, 1,5-тен 2,2 т-ға және 28,1, 8,2, 3,0 т-ға дейін. Пайзаны пішенге өсірудің рентабелділігі агротехникалық шараларға (себу мерзімі, тұқымның себу мөлшері, суару) байланысты 15,5-тен 22,5%-ға дейінгі аралықта, астыққа өсіргенде 61,7-ден 124,5%-ға дейінгі аралықта өзгерсе, судан шөбінде тиісінше 7,2-ден 11,7-ге және 48,4-тен 62,8%-ға
дейінгі аралықта ауытқыды. Пайзаны пішенге өсірудің энергетикалық тиімділігінің коэффициенті тәжірибе нұсқаларына байланысты 2,8-ден 4,0-ге дейінгі аралықта, астыққа өсіргенде 2,9-дан 6,0-ге дейінгі аралықта өзгерді, мұның өзі судан шөбі көрсеткіштерінен 1,5-2,0 есеге жоғары болды.